АЛТЫНОРДА
Новости

ЖАПОНИЯДА ӘРБІР ТӨРТІНШІ БАЛА КҮЙЗЕЛІСТЕ

Елдегі балалардың жүйксіне зерттеу жұмыстарын жүргізген жапон мамандары жақында мынадай қорытынды шығарды. Жапониядағы әрбір төртінші бала күйзеліс кезеңін бастанкешіріп отыр. Ал оған басты себеп не?

 

Мамандар 2011 жылғы болған жер сілкінісі мен цунамидың балалардың жүйкесіне ауыр зардап әкелгенін жасырмайды. Оны көзбен көрген балалардың көңіл күйінінің орнына келуі оңай емес әрине. Психологтардың айтуынша, санадағы күйзеліс өмір бойы сақталуы мүмкін.

Қазір 5-7 жастағы балалардың 25 пайызында бас айналу, лоқсу мен бас ауыру сырқаттары бар. Шындығында ел дәрігерлері кейінгі кезде балалардың жағдайы қиындай бастағанына күмән келтірмей отыр. Елдің денсаулық сақтау министрлігі де бұл орайда ресми мәлімдеме жасады. Үйден, достарынан айрылған балалар тасқын суды, алапат жер сілкінісін көзбен көрді, жүрекпен сезінді. Сондықтан ауыр күйзелістен арылуы оңай емес. Жас өскін сәбилерге қазір көмектеспесе, кейін кеш болады. Өйткені оларлың дамуында баяулық пайда болып, білімді қабылдауда қиыншылықтарға ұшырауы ықтимал. 200-ге жуық баланы тексерген мамандар қазіргі кезде алапат жер сілкінісін көрген балаларға үш есе психологиялық көмек қажеттігін айтуда.

2011 жылғы болған алапат тасқыннан Жапонияда 20 мыңға жуық адам қайтыс болып, 10 мыңнан астам хабарсыз кеткені белгілi.

 

Еркін ҚАЛДАН

http://www.aikyn.kz/articles/view/41154