Аошима аралы – мысықтарымен аты шыққан шағын арал. Бұл аралда бар-жоғы 22 адам тұрады.
Есесіне мысықтардың қарасы адамнан көп деп жазады islam.kz. Және жылдан жылға көбейіп келеді. Өткен ғасырдың 40-шы жылдары бұл аралда 900-ден аса адам тұрған екен.
Алайда, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін тұрғындардың көбі жұмыс іздеп, Жапонияның әр түкпіріне кеткен. Қазіргі уақытта мысықтар аралында 22 зейнеткер ғана тұрады.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл аралда мысықтар осыдан жарты ғасыр бұрын, яғни, тұп-тура елу жыл бұрын қаптап кеткен тышқандардың көзін жою үшін әкелінген.
Тышқандар осы аралдың бірден-бір күнкөріс құралы – балықшылардың ауын бүлдіріп кете беретін болған соң аралға жиырмадан аса мысық алдырған.
Қазір мұнда мысықтарды көру үшін арнайы алыстан ат басын бұрып келетін туристердің қарасы көп.
Толығырақ: http://alashainasy.kz/sha/japoniyadagyi-araldardyin-brn-myisyiktar-basyip-aldyi-foto-65716/
материалды қалай болсын қолдану тек қана Alashainasy.kz сілтемесімен бірге рұқсат етіледі