АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Денсаулықтың саясатқа қандай қатысы бар?

здоровьеДенсаулықтың саясатқа тікелей қатысы бар. Себебі дені сау қоғам өз елінің мемлекеттілігін нығайтуға, оны гүлдендіруге, дамытуға, жетілдіруге және қорғауға қабілеті болады.

Біздің қоғамымыздың денсаулығы күннен күнге нашарлап барады. Сіздер осы уақытқа дейін дәріханалардың саны неге сонша көп деп өз өзіңізден сұраған жоқсыз ба. Бір көшенің ар жақ бер жағында кемінде екі-үш дәріхана. Себебі адамдардың екінің бірі ауру.

Оны бәрі біледі.

Мысалға алсақ, экологияның бұзылуы, тамақтардағы химиялық зиян және артық қоспалар, түсініксіз гриппке қарсы бітпейтін «ерікті-міндетті» вакцинациялар, (бұл вакцинациядан кейін көбі дәріханаларды жағалап кетеді), таза емес су, ол аз болғандай протон, гиптил т.с.с.

Бұған қоса, адам денсаулығының нашарлауына келесі жәйттер (аз емес деңгейде) әсер етуде: Адамдардың аз қозғалуы, физикалық қозғалыстарының азайуы, ияғни айтқанда, жаяу аз жүруі, дене бұлшық еттеріне күш түсірмеуі. Қысқаша айтқанда дене шынықтырумен айналыспау, адам ағзасының біртіндеп, білдірмей ауруына, бұзылуына әкеліп соғатынын бәрі біледі. Бірақ амал істемейді.

Ал бұдан маңыздырақ, жоғарыда атап өткен — экология, таза азық-түлік және су мәселелрін қозғамай-ақ қояйын. Себебі өтке ауқымды.

Менің айтайын дегенім мынау.

Адам баласы ондаған мың, миллиондаған жылдар бойы жер бетінде тіршілік құруда. Осыншама ұзақ мерзімде адам баласы күнделікті тамағын тауып жеу үшін үемі қозғалыста болған. Мысалы: Өзіміздің ата-бабамызды алсақ, ерлер ат үстінде күн кешкен. Бүкіл дененің бұлшық еттері үнемі қозғалыста болған. Ал, әйелдер күнде тамақ істеумен, келі түюмен, су әкелумен, тері илеумен, отын тасумен өмір өткізген.

Жүз мыңдаған жылдар барысында адамның «генетикалық жадына» «үнемі қозғалыс» деген формула жазылып қалды. Ияғни айтқанда, клетка дұрыс өмір сүруі үшін адам денесінің бұлшық еттерінің көп бөлігі үнемі қимылда болуы қажет. Егер қимыл орындалмаса, клетканың генетикалық жадында жазылған бағдарлама (программа) орындалмайды. Бұл бағдарлама орындалмаса, клетканың ішінде қара энергия қалыптасады. Бұл энергия біртіндеп адамды құрта бастайды. Бұны медициналық аппараттар әзірше өлшеп біле алмайды. Бірақ бұл бар құбылыс.

Сондықтан, түк болмады дегенде, әр адам аптасына бір-ақ рет бүкіл денесіндегі бұлшық еттеріне шама-шарқынша салмақ түсіріп, қозғалтқаны өте қажет.

Ал біздің қоғамды алып қарасақ, халықтың басым бөлігі қалалы жерде өмір сүреді. Баяғыдай ауыр жұмыстарды енді техника атқарады. Халқымыздың көбі аз қозғалатын және көбіне отырып істейтін жұмыс жасауда. Соның ішінде мемлекеттік және мемлекеттің бақылауындағы қызметкерлер (бұған әскерилер, арнайы қауіпсіздік қызметі, полиция, әкімдіктер қызметкерлері де кіреді).

Бұл жарықтықтарға (мемлекеттік қызметкерлерді айтам) сәл тоқтала кетсек.

Бұлардың жұмыстары таңғы 09:00 басталып, көп жағдайда 20:00 және 21:00 созылады. Үйге келгенше 22:00 шамасы болып қалады. Кешкі тамағын ішіп бітем дегенше 23:00 немесе 00:00 болады. Осылайша аптасына алты күн, тек сенбі күні түске дейін жұмыста. Кейбір уақытта (бұл уақыттар кейбір мекемелерде өте жиы болып тұрады) жексенбі күні де жұмысқа шығуға мәжбүр.

Ал осылай үнемі жұмыста болса, онда қашан баласына қарайды, қашан баласын футболға, күреске, бассейнге, қол өнерге апарады. Қашан баласының сабағын тексереді. Ол баланың шешесі де күні бойы жұмыста. Ал баласы ше, ол батырың сабақтан келе сала, сәл дем алып, компютер ойнауға кіріседі. Ал ол баланың көшеде қолында «сотка», үйінде планшет, компютер. Одан қалса теледидар. Сонда енді қалыптасып келе жатқан жас баланың көзінен не қалады. Кейін өскенде ауыр көзілдірік киіп жүруге мәжбүр болады.

Ал мемлекеттік қызметкер өзі қашан спорт залына, бассейнге, театрға, моншаға, емханаға барады, оның мемлекеттік жұмыстан басқа әке-шешесі, туғандары, туысы, досы, жолдастары бар шығар, оларға қашан көңіл бөле алады. Емхана демекші, қаладағы медициналық мекемелер сенбі және жексенбі күндері дем алады ғой. Бұл жағдайда мемлекеттік қызметкер денсаулығының ақауын қашан емдеп үлгермек.

Әйтеуір, керек болсын, болмасын жұмыста 21:00 – 22:00 отыруы керек.

Ол байғұстар өз құқықтарын қорғауға, бастықтарға бірдеңе деуге қорқады. Себебі, сәл бірдеңе болса, «премиядан құр қаласың» деп, ал «бір жеріңді қыспасаң» қысқартыласың деп қорқытады басшылық. Ол қызметкер кредит алып, үй алған, жұмыстан кетсе далада қалады. Мемлекеттік қызметкер стресста өмір сүруде. Оны көп жағдайда өзі білмейді. Бірақ ашулы, ызалы. Үкіметке өкпелі. Сондықтан, олардың біразы ерегесіп, қызметін жүз пайыз дұрыс істемейді.

Бұл мәселе бұрындары да көтерілген. Бірақ оң нәтиже жоқ. Себебі мемлекеттік қызметкер қолы сәл босаса, саясат туралы мақалаларды да оқып, хабардар болады. Сөйтіп оның басында сұрақтар туындайды.

Мысалы мынандай: «бір шенеуніктің баласының туған күнін тойлату үшін шетелден келетін әншілерге миллиондап доллар береміз, ал жалақым болса 80-90 (140-150) мың теңге, ештеңеге жетпейді. Квартираға ай сайын 50 мың, квартплата 15-18 мың, кабельді теледидар 2 мың, өзім, әйелім мен емшектегі баламның тамағына және дәрісіне 50-60 мың, оның үстіне әкей де ауырп қалды оған бір 15-20 мың кеерк, осы айда бір досымның және екі танысымның туған күні әр қайсысына 10 мыңнан берсем 30 мың кетеді, келесі аптада тойға да шақырып қойды оған 10-15 мың жұмсалмақ, ақшаны қайдан тапсам екен? Қандай әділетсіздік. Мына үкімет құртты ғой бізді … ».

Осылайша мемлекеттік қызметкерлердің көбі өкпелі, ашулы, стресс жағдайында жұмыс жасауда, оның үстіне өз денсаулығын күйттеуге уақыты жоқ, ақыры денсаулығы айлап, жылдап нашарлауда.  Ия, мемлекеттік қызметкерлердің саны Қазақстан халқымен салыстырғанда аз, бірақ, бұлар мемлекет үшін қызмет етуде ғой.

Осы мәселені оң шешу үшін Қазақстан үкіметі мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытын 08:00 ден 17:00 дейін, аптасына 5 (бес) күн қылып өзгерткені қажет.

 

Нұржан Тұрсынбеков  бұрынғы мемлекеттік қызметкер