Саясаттанушы, «Нұр отан» партиясы қоғамдық-саяси институты мониторинг қызметінің басшысы бүгіннен бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі баспасөз қызметі басшысының міндетін атқарушы болып қызметке кірісті, — деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Бұл ақпаратты «Нұр отан» партиясы баспасөз қызметінің консультанты Жандос Байділда растап отыр.
Жарқын Түсіпбекұлы 1985 жылы Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін тәмамдаған. Саясаттану магистрі.