АЛТЫНОРДА
Новости

Жарымжан жарнама

1425631957_audarmashyҚай қалаға бара қалсаңыз, жалт-жұлт еткен жарнама көздің жауын алады. Алайда сол қызыл-жасыл тақтайшалардағы тілдік сауаттылықтың деңгейі қаншалық? Жарнама қазақша сайрап тұр ма? Бұл – мемлекеттік тілдің өзекті мәселесінің бірі.
Жарымжан жарнама
Гүлім Оразбаева – қазақ тілінің жанашыры. Ол жарнама мәтінін қазақ тіліне сауатты әрі тегін аудару туралы бастама көтерген. Бұл істі бастаудағы мақсатын кейіпкер былайша түсіндіреді:
«Шынын айтқанда, құр наразылық білдіріп, мәселені ғаламтор арқылы талқылай бергеннен ешқандай пайда жоқ. «Қазақ тілін үйренгілеріңіз келмейді» деп қайталай бергеннен де шаршадым. Сондықтан нақты іспен көмектескенді жөн көрдім».
Гүлімнің айтуын­ша, ол мұндай игі іспен бір жылдан бері айналысып келеді екен. «Ұсыныс бар ма?» – деген сұрағымызға, ол: «Әрине, ұсыныс бар. Көп жағдайда заттаңба (өнімнің таңбасы) мен ғаламторға орналастыратын жарнамалардың мәтінін қазақшаға аударуға тапсырыс түсіп тұрады» – дейді. Бір қызығы, қазақ тілінің жанашыры, аудармашы Гүлім ханым ешкімнен ақы сұрамайды, барлық аударманы тегін жасап береді.
Замира Пірназарова

«Жас қазақ» ұлттық апталық газеті

Фото Жас Казак газетiнен алынды