Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінен әлемге танымал Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев, Нұрғиса Тілендиев, Фуат Мансұров, Ғазиза Жұбанова мен Еркеғали Рахмадиев, сондай-ақ Қуат Шамелов, Біләл Ысқақов, Батырхан Шүкенов сынды өнер иелері білім алған. Өнер ордасында Шынарбек Асқаров, Мұстахима, Сейітжанова, Роза, Қадышева, Салтанат Құдайбергенова, Біләл Ысқақов сынды ұстаздар әлі күнге дейін шәкірттерді баулып, жас таланттардың қатарын көбейтуде аянбай еңбек етуде. Олардан тәлім алған студенттер Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясына түсіп, тіпті оркестр, ансамбль ұжымында қызмет етуде. «Баланы жастан» демекші, Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі жас орындаушыларды шыңдау үшін жыл сайын түрлі іс-шара өткізіп келеді. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған XXXIV Республикалық жас орындаушылар конкурсы да өз мәресіне жетті.. Жаңа жас есімдерді анықтайтын бұл өнер додасына 4 номинация бойынша еліміздің түкпір-түкпірінен келген 172 үміткерлер қатысты. «Ән салу» номинациясы бойынша – 80, Хор дирижерлеу – 33, «Фортепиано» – 22, «Ішекті аспаптар» – 30, «Музыка теориясы» – 7 үміткер қатысты. Байқаудың әділ бағасын Базарғали Жаманбаев, Есімов Ғафиз, Лаки Кесоглу Ақан Әбдуәлі, Айгүл Қосанова, Раиса Мұсаходжаева танымал өнер тарландары анықтады. Конкурс аясында КСРО халық әртісі Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Мемлекеттік әлеуметтік-мәдени дамуы тұрғысындағы ұлттық өнердің өзіндік ерекшелігі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияға Қазақстан музыкалық колледждерінің студенттері мен оқытушылары, Ресей, Израиль, Корея мен Арменияның музыканттары қатысты. Кореяден келген халықаралық конкурстардың лауреаты Ким Хенг Чан мырза, Ресей Федерациясының еңбек сіңірген артисі Леонид Павлов Халық артисі, профессор, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры Жәния Әубәкірова сынды әйгілі өнер майталмандары шеберлік сабақтарын өткізді, Жас таланттармен орындаушылық өнердегі дамытудағы ғажайып сырларымен бөлісті. XXXIV Республикалық жас орындаушылар конкурсының салтанатты жабылу кеші Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің симфониялық оркестрімен «Алатау» жастар хорының орындауында Генделдің Алилуясымен ашылды. Алғашқы құттықтау сөзді алған Білім және ғылым министрлігі Кәсіби-техникалық білім беру департаментінің маманы Бекзада Мұхановаға барша өнерпаздарды шын жүрегімен құттықтады. Жүлделі орындарды Оразәлі Жаңабаев, Сұлтан Нұрбеков, Құрал Қаламқас, Александр Сидоров, Анастасия Анпилова, Жәмилә Байназарова, Мадина Адамова жеңіп алды. Жеңімпаздарды өнер тарландары Рамазан Стамғазиев, Жәмилә Баспақова, Толқын Забировалар марапаттады. Еркін ҚАЛДАН |
Предыдущий
Следующий