![]() Алысқа барғанша, барға қанағат етіп, осы жерде білім алса да, ешкімнің тақиясына тар келмес. Бірақ қазақстандықтар шетелде білім алуға өте құштар. Осы аптада «Халықаралық бағдарламалар орталығының» президенті Саясат Нұрбек мынадай деректі алға тартты. Орталықтың есебінше, қазір шетелде 67 мың адам оқып жатыр. Олардың ішінде қысқа мерзімде тіл үйрену үшін жүргендер де жеткілікті. Мәселен, Оңтүстік Шығыс Азияда 10 пайыз, Малайзияда – 3 мың, Қытайда – 900, Ресейде 7 мың жас білім алуда. Ал 67 мың адамның 40 пайызы Еуропада, 20 пайызы Солтүстік Америкада екен. Әрине, шетелде білім алған жақсы. Мақтанышпен айтуға болар. Бірақ шетел асқандары қалай? Мамандар не дейді? Әділ АХМЕТОВ, сенатор: – Қазір білім алам деген жасқа елімізде де мүмкіндік бар. Тіпті ауылдан аттап баспай-ақ, ғаламторға еніп, іздегеніңді табасың, қажетіңе қанағаттанасың. Дүниенің бүкіл ғылымы мен ілімі ғаламторға салынып қойды емес пе? Тіл үйренгің келсе, оған да мүмкіндік бар. Қазір қазақ балалары оқымайтын жер жоқ. Еуропа, АҚШ, Азия, Скандинавия түбегіндегі елдер ме, бәрін де біздің жастар білім алып жатыр. «Болашақ» бағдарламасымен, тіпті өзінің қаражатымен оқып жүргендер де жеткілікті. Әрине, бұл жақсылықтың нышаны. Тек сол алған білімдерін еліміздің еңсесін түзеуге жұмсаса болды. Әрине, өз еліміздегі білім ошақтарын менсінбей, шетелде білім алғанды мақтан көріп жүргендер де баршылық. Біздегі оқу орындарының базасымен білім сапасын АҚШ, Еуропамен салыстыруға келмес. Олардың деңгейі әлдеқайда жоғары. Қазір Қытай, Бразилия, сондай-ақ Үндістан мемлекеті білімге қатты көңіл бөлуде. Қазақстан да солай. Ауыз толтырып айтатын «Назарбаев университеті» бар. Білімге, ғылымға қаржы көп бөлінуде. Демек көп ұзамай сапалы, мықты білімді елімізде де алуға болады деп айта аламын. Нұрахмет БЕЙСЕНҒАЗЫҰЛЫ, – Шетелде білім алған жақсы болар. Жер көресің, ел көресің дегендей. Тіл сындырасың. Бірақ қазір өз елімізде де сапалы білім беретін оқу ошақтары жеткілікті. Ең бастысы, адамда ынта, талап болса… Тек дәріс берушінің айтқандарымен шектеліп қалмай, өзің де ізденуің қажет-ақ. Оған мүмкіндіктер жеткілікті. Кітапхана, ғаламтор дегендей. Шетелде білім алып келіп, екі қолын қусырып, жұмыссыз жүргендер де жоқ емес. Ең бастысы, дүниенің бәрі шетелде алған білімге қарап тұрған жоқ. Адамның алғырлығына, ізденуіне, өзін уақытқа сай бейімдей білуіне байланысты. Сейсен ӘМІРБЕКҰЛЫ |
Предыдущий
Следующий