АЛТЫНОРДА
Новости

Жасыл экономика – жарқын болашаққа жол бастайды

Астана. 14 ақпан. BAQ.KZ. «Жасыл экономика» деген алдымен ғаламдық тақырып. Біз қаншалықты шикізат өндірсек,соншалықты ауаны ластаймыз. Қанша дәулетке қол жеткізсек, қоғамға сонша нәубет орнатамыз. Бұл жаһандық проблема. Ал, одан шығудың жолын Елбасы өз Жолдауында көрсеткен болатын.

Бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров жұмыс сапарымен Оңтүстік Қазақстан облысында болды. Елбасының «Қазақстан – 2050» Стратегия¬сы:¬ қалыптасқан мемлекеттің жаңа сая¬¬си¬ ба¬ғы¬ты»¬ атты ауқымды бағ¬дар¬лବмବсындағы «Жасыл экономикаға» өту тақырыбында жиын өткізді. Жиынға Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов, жергілікті атқарушы органдардың, аймақтық экология департаментінің басшылары және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Қазақстанның жасыл экономикаға өту стратегиясынан бөлек «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын жүзеге асыру және «Болашақтың энергиясы» тақырыбындағы ЕХРО-2017 халықаралық көрмесі жайын да сөз етті.
Қоршаған ортаны қорғау министрі жасыл экономиканың табиғи ресурстарға жасалатын салмақты азайту, инфрақұрылымды қайта жаңғырту, экономиканы әртараптандыру, қоршаған орта жағдайын жақсарту, ұлттық қауіпсіздік үшін қауіпті болдырмау және экспорттық шикізаттық ресурстар бағасының тұрақсыздығын қамтамасыз ету секілді бағдарламаның іске асыру жолдарын көрсетіп берді.
Жасыл экономика дегеніміз қалдықтың өзін кәдеге жарату. Оның экологиялық қырынан бөлек байлықты оңды-солды шашып емес, үнемдеу арқылы пайдаға кенеліп, соны жүйелі түрде іске асырумен де өлшенеді. Тазалықты ту етеді.
Жиын барысында Н.Қаппаров министрлік табиғатты қорғау шараларын күшейте түсетіндігін, табиғи байлықтарды қорғау және олардың тиімді пайдалануды қадағалау, су ресурстарын басқару, балық, орман, аңшылық шаруашылықтары мен жаңартылатын қуат көздері саласын дамыту, сондай-ақ тұрмыстық қатты қалдықтарды кәдеге жарату ісін басқарудағы мемлекеттік саясатты қалыптастырып-жүргізу міндеттерін жоспарына енгізетіндігін айтты.

 

http://www.baq.kz/news/23296