АЛТЫНОРДА
Новости

Жауынгерлік шеру рух береді!

Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жамбыл облысында орналасқан «Отар» 40-әскери базасында Отан қорғаушылар күніне арналған әскери шеру өтті. Биыл Отан қорғаушылар күні алғаш рет ресми түрде демалыс күні болып жарияланды. Отан қорғаушылар күнін атап өтуге байланысты алғаш рет әскери полигонда өткізілген жауынгерлік шерудің дәстүрлі әскери шеруден басты ерекшелігі – Қазақстан жауынгерлерінің кәсіби шеберліктерін, Қазақстан армиясының қолданысындағы заманауи қару-жарақ пен әскери техниканың нақты қолдануын жан-жақты көрсету мүмкіндіктері болып табылады. 


Image

Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті – Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Қарулы күштерінің құрылғанынан бері тұңғыш рет өткізілген бұл әскери шеру күштік құрылымдардың тарихындағы ерекше оқиға болмақ. Салтанатты шеруге қатысқан Қарулы күштер бөлімшелері, әскери оқу орындары, ІІМ Ішкі әскерлері, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Республикалық ұланның рәсімдік батальоны сапқа тұрды. Жауынгерлік шеруге барлығы 7 мыңнан астам әскери қызметшілер, 400 бірліктен аса әскери техникалар, 86 ұшақ пен тікұшақтар қатысты.

Image

Қазақстан армиясы далалық жер­лерде жыл сайын жедел және әскери дайындық бойынша 250-ден астам іс-шаралар өткізеді. Дәс­түрлі әскери парад кез келген армияның дайындығының аса қа­жетті құрамдас бөлігі болып са­на­лады. Осы жолғы әскери парад жат­тығу полигонында жауынгерлік жаттығуға ұқсас өткізілді. Сон­дық­тан болар, Алматы қаласынан 200 шақырым жерде орналасқан «Отар» 40-әскери базасында өте­тін тұңғыш жауынгерлік па­рад­қа көрермен қауым көп жиналды. Әскери шеруді көруге баратын ардагерлерге арнап Алматыдан ар­найы пойыз шықты. Жауынгер­лік парад өтетін жерге тікұшақпен келген Елбасына Құрлық әскер­лерінің Бас қолбасшысы, генерал-лейтенант Мұрат Майкеев әс­кер­лердің шеруге дайын екендігін баяндады. Қазақстан Президенті – Қазақстан Республикасы Қару­лы күштерінің Жоғарғы Бас қол­бас­­шысы Нұрсұлтан Назарбаев мінберге көтеріліп, әскери қыз­мет­шілерді, ардагерлер мен бар­ша қазақстандықтарды Отан қор­ғау­шылар күнімен құттықтады.

Image

– Құрметті отандастар! Офи­цер­­лер мен сарбаздар! Бүгін – шебі бүтін, шекарасы берік қа­сиет­ті Қазақ жерін қорғайтын Қа­ру­лы күштеріміздің құрылған күні. Биылдан бастап біз 7 ма­мыр­ды мемлекеттік мереке ретінде атап өтетін боламыз. Бұл – батыр ба­­балардың даңқты жолы мен Отан­ға адал қызмет ету дәстүрін то­­­ғыстыратын мейрам. Атала­ры­мыз ақ білектің күшімен, ақ най­за­ның ұшымен осы ұлан-ғайыр жер­­ді қорғап, бізге мұраға қал­дыр­­­ды. Соның арқасында бүгінде тәуел­­сіз мемлекет құрып, оны өр­кен­детіп келеміз. Қазақтың қа­һар­­ман ұлы Бауыржан Момышұлы: «Өз елін мақтаныш етпеу – сат­қын­­­дықпен тең»  деген. Бұл дүние­де біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан. Қастерлі Ота­нымызға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір аза­мат­тың қасиетті борышы. Осынау пер­зенттік парызымызды біз, әсі­ресе, әскери адамдар адал ат­қару­ға тиістіміз! Сонда ғана біз ар­манымызға жетіп, Мәңгілік Ел бола аламыз. Әскери парад бар­лық дайындық іс-шараларының шарықтау шегі болып табылады. Бұл – Қазақстан армиясы әскери бө­лімшелерінің кәсіби машығы­ның, үйлесімділігі мен мүмкіндік­терінің іс жүзіндегі көрінісі. Бүгін армия бөлімшелері Құрлық әс­кер­лері мен Әуе қорғанысы күштері жа­рақтанған осы заманғы қару-жа­рақты қолданудағы өз шебер­ліктерін көрсететін болады. Бұл – біздің аса ауқым­ды жаттығуы­мыздың бірі. Сонымен қатар Кас­пий теңізі айла­ғын­да Қазақстан Әскери-теңіз күш­те­рінің кемелері жауынгерлік атыс үлгі­сін көрсетеді. Бұл күні, 7 ма­мыр­да сардарлар мен сарбаздар на­ғыз патриоттар және өз ісінің ше­берлері екендік­терін іс жүзінде дә­лелдейді, олардың айбынды және өршіл ұраны: «Қуатты армия – қуатты Қазақстан!». Қазақстан өз ар­мия­сын мақтан тұтады, оны нығайту үшін қолдан келгеннің бә­рін жа­сайды. Қарулы күштер осы за­манғы техникамен жа­рақ­тан­дырылуда. Басқару жүйесіне жаңа технологиялар мен авто­мат­тан­дырылған басқару жүйелері қар­қынды енгізілуде. Біздің әс­кер­ле­рімізді дайындаудың интен­сив­тілігі мен сапасы артуда. Мемлекет Отан қорғаушыларды қамқор­лы­ғына алып келеді. Былтыр әскери қыз­мет және әскери қызметшілер мәр­тебесі туралы жаңа заң қа­был­данды. Әскери гарни­зондарда спорт кешендері, тұрғын үйлер мен жатақханалар салынуда. Әс­кери қалашықтарды жоспарлы түрде көріктендіру жүргізілуде. Қа­зақстанның әскери қызмет­ші­лері қазір лайықты қаржылық игілікке ие болып отыр. Армияның тәртібі ауыр деседі, бірақ бұл ауырт­палық – ел қорғау бейнеті, қиыншылық бейнеті емес. Армия – біздің егемен мемлекетіміздің берік қалқаны. Оны нық ұстап тұру – тек қасиетті борыш қана емес, зор мәртебе! Сіздердің қызмет­теріңіз – еліміздің Тәуелсіздігінің, Қазақстанның әр шаңырағының тыныштығы мен алаңсыздығының кепілі. Мен әскери қызметшілерді, ардагерлерді және барша қазақ­стандықтарды Отан қорғаушы күнімен құттықтаймын! Өздеріңізге ден­саулық, қызметтеріңіз бен ең­бектеріңізге, жауынгерлік даяр­лықтарыңызға табыс тілеймін! 7 мамыр – біздің мемлекетіміздің қуаты мен сенімділігін әрқашан айғақтап тұратын күн болсын! Ай­бы­нымыз әрдайым асқақ, байра­ғы­­мыз қашанда биік болсын! Тәуел­­сіздігіміз тұғырлы, елдігіміз ғұ­мырлы болсын! Қазақстан жаса­сын! – деді Мемлекет басшысы Нұр­сұлтан Назарбаев жауынгерлік па­радты бастаған сөзінде. Елбасының құттықтау сөзінен кейін салтанатты шеру басталды. Қор­ғаныс министрі Әділбек Жақ­сы­беков жауынгерлік шеруді бас­қаруды Қазақстан Қарулы күштері Құр­лық әскерлерінің Бас қолбас­шысы, «Даңқ», «Айбын» және «Отан­­ға қызметі үшін» ордендерінің ие­гері, генерал-лейтенант Мұрат Май­­кеевке жүктепті.

Image

Партия хатшысы Ерлан Қариннің мәлімдеуінше, 2010 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан жоба партия мен баспасөздің әріптестігін арт­тыруды және саяси ұйымның ат­қарып отырған жұмысын қа­рапайым халыққа түсінікті тіл­мен жеткізген жандарды ын­таландыруды мақсат тұтады.

Әскери қызмет түрлеріне қа­рай, сымдай тартылып сапқа тұр­ған жауынгерлер алаңды айна-лып, сал­танатты шерумен өтті. Бұ­дан әрі нағыз жауынгерлік опе­рация­лар басталды. Құрлық әс­керлері мен Әуе қорғаныс күштері зы­мы­рандар атуды, бомбалауды, қару-жарақтың барлық түрінен жауын­герлік атысты жүзеге асыр­ды. Әс­кери әуе күштері майдандық жә­не армиялық ұшақтар мен тікұ­шақтардың аспандағы әуе ұрысын жүргізді. «Жетісу» және «Сұңқар» ұшқыштар тобы жоғарғы деңгейде ұшу өнерін көрсетті. Әскери парад барысында Әуе қорғанысы күш­терінің әуе шабуылына қарсы қор­ғанысын С-125 зениттік-зы­мырандық кешені көрсетті. Ол басқарылатын зениттік зымы­ран­дармен әуеде көрсетілген ныса­на­ларды көздеп атуды жүзеге асыр­ды. Зымырандық әскер және артил­лерия «Точка-У» тактикалық зы­мырандық кешені, «Град» және «Прима» дүркін отшашу зымы­рандық жүйесі, МСТА-Б және Д-30 зеңбіректері, «Солнцепек» ауыр отшашу зымырандық жүйесі, «Штурм-С» танкіге қарсы зымы­рандық кешенінен оқ атып, айна­ланы күндей күркіретті. Бұл кезде Каспий теңізі айлағында Қазақ­станның Әскери-теңіз күштерінің кемелері жауынгерлік атыс өткізіп жатты.

Image

Қазақстан қарулы күштері бұл қарулардың түрлерін жаңартып оты­рады. Қорғаныс және шабуыл­даушы әскери бөлімдер заманауи қарулармен 2011-2012 жылдары толықтай жабдықталған. Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековпен және Қарулы күштер генералитеті өкіл­дерімен бірге отандық кәсіпорын­дардағы жаңа және жаңғыртылған әскери техника үлгілерімен та­ныс­ты. Қару-жарақ көрмесін «Қа­зақ­стан инжиниринг» Ұлттық компа­ния­­сы» АҚ құрамына кіретін Қа­­зақ­станның қорғаныс-өнер­кә­сіп кешені кәсіпорындары ұйым­дас­тырған. Қазақстан Президенті­не әскери, азаматтық және қо­­­сар­лы мақсаттағы арнайы тех­никалар, соның ішінде штабтық, жауынгерлік, медициналық, із­дес­тіру-құтқару машиналары, ра­диорелелік станса, қарлы-бат­пақты жерлерге арналған «Тұлпар» машинасы, Қазақстанда құрасты­рылатын ЕС – 145 тікұшағы, ұш­қыш­­сыз ұшатын аппараттар және қару-жарақ, техника мен киім-ке­шек­тің өзге де түрлері көрсетілді.

Көрмені аралап шыққаннан кейін Жоғарғы Бас қолбасшы Нұрсұлтан Назарбаев әскери па­радқа қатысқан командалық құ­рам­мен және қатысушылармен әң­гімелесті. «Бұл жаттығу, бұл ше­ру біздің жастарымызды Отан қор­ғауға бағыттайды, жас ұрпақ сіз­дер сияқты сарбаз болып елі­мізді қорғауға дайын болады. Оқу орындарында, осындай қала­шық­тарда сіздердің отбасыларыңыз барлығы көріп, осы жұмысқа қуа­нып отыр. Ешқандай мүлтіксіз, қа­те­сіз бәрін орындадыңыздар. Сон­дықтан мен тағы да бір рет сіз­дерді бүгінгі мереке күнімен, Отан қорғаушы күнімен шын жү­регімнен құттықтаймын» деді жауын­герлердің дайындығына риза­шылығын білдірген Елбасы.

Қайыржан ТӨРЕЖАН

http://www.aikyn.kz