«Жаужүрек мың бала» фильмінің режиссері Ақан Сатаев тарихи туындының Солтүстік Америка елінің прокатына шығатынын мәлім етті.
VOD форматында көрсетілетін фильм жоғары сапамен мұхит асып көрермендердің жүрегін жауламақшы. 2012 жылы экранға шыққан кинолента тұсаукесерден соң төл туындымызды канадалық «108» Media компаниясы әлемге көрсету құқығына ие болғанын айта кеткеніміз жөн. АҚШ-тан бөлек, Франция, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Австралия елдері де бұл ұсынысты құптап отыр.
tengrinews.kz