Ресейдің Новосібір қаласында жүк мәшинесі тротуарға бір тонна зефир төгіп тастады. Бұл ысырап бір жігіттің сүйген қызына арнаған күтпеген сыйы болып шықты.
«Интерфакстің» хабарлауынша, оқиға қаланың Галущак көшесінде орналасқан сауда үйі маңында болған. Алдымен жүк мәшинесі бір қыздың көлігінің ізіне түсіп, кейін ол аялдаған кезде тиеген зефирін жаяулар өтетін жолдың бойына шашып тастапты. Сауда үйіне келушілер күтпеген жерден тегін тәттіге қарық болды. Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әлдекім осылайша сүйген қызына тосын сый жасады. Көше тазалығына нұқсан келтірген адамның жауапқа тартылған-тартылмағаны туралы мәлімет жоқ. Бірақ тротуар көп ұзамай түгел тазаланған.
http://alashainasy.kz/world/40055/