АЛТЫНОРДА
Новости

ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКЕНІС ДЕПРЕССИЯДАН САҚТАЙДЫ

Мұндай қорытындыны адамның психологиялық жағдайы мен көңіл-күйіне әсер ететін факторларды зерттеу арқылы Уорикс университетінің мамандары шығарып отыр. Зерттеу қорытындысы BMJ Open журналында жария етілді. 

 Ғалымдар 16-ға толған 14 мың ер мен әйелді осы зерттеуден өткізген. Олар қатысушылардың салмағы мен нашар әдеттерін, сонымен қоса диета барысын басты назарға алғандарын айтады. Еріктілер жүйелі түрде психологиялық тесттен өтіп, өздерінің көңіл-күйі туралы қилы сұрақтарға жауап берген.

«Ми экологиясы» жобасының хабарлағанындай зерттеуге қатысқан адамдар жеміс-жидек пен көкеністерді әдеттегіден артық жей бастағанда немесе темекі шегу сынды нашар әдеттерін қоя бастағанда олардың көңіл-күйлері де жақсарғанын көрсетті дейді.

Сонымен бірге темекі шегуден бас тартпаған, әрі жеміс-жидек өнімдерін де аз тұтынған қатысушылардың өмірге қызығушылықтары бәсең тартып, депрессияға жиі шалдығатыны мәлім болған.

Сондай-ақ мамандар көтеріңкі көңіл күй үшін күнделікті тамақ рационында көкеністер мен жеміс-жидектің түр-түрі болғаны дұрыс деп отыр.

«Біздің зерттеуіміз көкеністер мен жеміс-жидектердің адам ағзасына орасан пайдалы екенін көрсетті. Бұл пайдалы тағамдардың жүрек және қатерлі ісік ауруынан сақтап қана қоймай, депрессиядан да сақтайтыны анықталып отыр» дейді зерттеу авторы Саверио Стрэйнджес (Saverio Stranges).

Дуанабай Жолдасбек

 ВAQ.KZ  Ая ӨМІРТАЙ

http://www.aikyn.kz/news/view/58406