АЛТЫНОРДА
Иносми

ЖОҒАЛҒАН ҰШАҚ ТАБЫЛДЫ

pilotmalayaz1Жоғалған ұшақ Қазақстанға бағыт алмаған. 8 наурызда іс-түссіз жоғалған Malaysia Airlines ұшағы Үнді мұхитының оңтүстік аймағынан табылды.  Ұшақтың қалдықтары мұхит бетінен табылғаны жөнінде  Малайзияның премьер-министрі Наджиб Разак мәлімдеді.

Бұған дейін Австралия спутниктері су бетінде қалқыған белгісіз заттарды байқап, құлаған ұшақтың бөліктері болуы мүмкін деген жорамал жасаған болатын. «Біздің мамандардың зерттеуі бойынша, Boeing 777 оңтүстік дәліз арқылы ұшқан деген қорытындыға келдік. Ал, оның соңғы орналасқан жері Үнді мұхитының орталық аймағы, Австралияның батысындағы Перт қаласы деп болжануда. Бұл ұшақтың қонуы мүмкін деген жерлерден едәуір алшақ жер. Сондықтанда мен ұшақ ұшуын Үнді мұхитының оңтүстік аймағында тоқтатты деп айтуға мәжбүрмін», — деді Разак. Бұл мәліметті ұшақта болған жолаушылардың  туыстарына естірткен екен. Естеріңізге сала кетейік, ертеректе Қытайдың іздеу ұшағының экипажы Үнді мұхитында «күдікті нысандар» табылғанын хабарлаған еді.

Куала-Лумпурдан Бейжіңге бағытталған, бортында 227 жолаушысы, 12 экипаж мүшесі бар әуе лайнері 8 наурыз түні радардан жоғалып кеткен. Соңғы байланыс кезінде ол Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырым жерде болған. Ұшаққа 4 жолаушы жалған құжатпен отырған. Олардың екеуі ирандық азамат екені анықталды. Бүгінде ұшақтың жоғалуына қатысты түрлі болжамдар айтылуда. Біреулер ұшақта террорлық әрекет орын алды десе, біреулер ұшқыш өзіне өзі қол жұмсады дейді. Ал кейбір жорамалдар бойынша, тіпті Қазақстанға қонуы мүмкін делінді. Ардагер-ұшқыш Әбжан Тілеулесов: «Моя версия в данном случае — произвели посадку, наверное, на каком-то участке земли. Возможно, до сих пор и сидят там. А просто исчезнуть 200 с лишним пассажиров и такой мощнейший самолет «Боинг — 777» не может же быть», — деп нық сеніммен айтқаны белгілі. Алайда борттағы жолаушылар мен экипаж мүшелерінің бірде-бірінің тірі қалмағаны белгілі болды. Енді оларға 5 мың доллар көлемінде өтемақы төленбек.

 

Ақниет Оспанбай

http://www.turkystan.kz/