Украина Жоғары Радасының депутаттары көпшілік дауыспен ел әскерінің санын үш есеге, яғни 250 мың адамға көбейтуді қолдап дауыс берді.
Президент Петр Порошенко ұсынған заң жобасын 423 депутаттың 270-і қолдаған.
Радикалдар партиясының жетекшісі Олег Ляшко ұсынысты дауысқа салар алдында «Кімде-кім ұсынысқа қарсы дауыс беретін немесе қалыс қалатын болса, ол — Путиннің агрессиялық саясатын қолдаушы» деп мәлімдеген.
Жаңа заңға сәйкес, Украинада екі операциялық орталық, 11 бригада, төрт полк, 18 батальон, 16 эскадрон, 13 взвод құрылуы тиіс.
Заң президент Петр Порошенко қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
http://www.azattyq.org/archive/news/20150305/330/330.html?id=26884018