АҚШ-тағы Канзас-ситиде болған осы жол апатынан екі адам ауыр жараланды. Оқиға барысында дөңгелегі жарылып, жол шетінде тұрған туристік автобусты ұзын тіркемелі көлік соғып кетті, деп хабарлайды The Kansas City Star. Қатты соққының салдарынан автобустың бір бөлігі толықтай қирап, ол сайдан төмен қарай түскен. Куәгерлердің айтуынша, апат болар алдында тіркемелі көлік жүргізушісі оқыс бұрылған. Ал полицияға түсінік берген жүргізушінің айтуынша, ол көлік тізгінінде келе жатып, сағызға қақалған. Кептеліп қалған резеңкені кетіру үшін ол дереу су іздеген. Сөйтіп жанталасып жатқан кезде рульден айырылып қалып, апатқа ұшыраған. Қазір осыған байланысты тергеу амалдары жүріп жатыр. Дайындаған: Г.Абилова
Источник: http://24.kz/kz/