АЛТЫНОРДА
Новости

Жұртқа таңсық жәдігерлер

Талай жұрт жоғалтқанын театрдан тауып жүр. Қымбат күлкіні де, әдемі әзілді де, өзгенің қайғысын бөлісуді де. Осының бәрін жан дүниеңе жинап беріп, өмірлік құндылықтарды ұдайы назарда ұстауды ұғындыратын – театр. Әдемі киініп, бар асылын та­ғынған жұрт арасынан таны­сың­ды көріп қалсаң, өзіңнің де мә­дениеті жоғары жан екен­дігіңді сезіндіріп, сыпайы сөйлесіп, оны­мен иық теңестіріп тұрып әңгімелесуге мәжбүрлейтін орта да – театр. 


Сахналық қойылымдарды көре оты­рып, кейде үйіңде жоқ затты түгендеп, оны қолдануды да қаперге алып қоятын жер де  – театр. Ойды ой қуалаған сәттері актер­лер­дің қолындағы әр затқа да зер салып, оның тарихына да терең бойлағың келеді… Расында да театр – тамаша жәдігер­лерді сахнаға алып шы­ғатын қастерлі орта. Мұнда не жоқ дейсіз, ғасырға жуық қым­бат қазыналардың бір бөлшегі де осында­ғы қоймада тұр. Оның бірі сахнада жиі пайдаланылса, енді бірі орнынан ай­лап қозғалмайды. Жұрт білмейтін сол жә­дігер­лермен танысу мақса­тында Қазақ­тың мемлекеттік Мұхтар Әуезов атындағы ака­демиялық драма театрына бас сұқтық.

Image

Театр – көңіл көтеретін ойын үйі ғана емес, ол – өз алдына мәдениеттің мектебі.
Смағұл СӘДУАҚАСОВ.

Өнер өлкесінде жүргендер мен театрға та­­бынған жұрттың бір бөлігі Әкемтеатр атап кеткен қара шаңырақта қазақтың н­е­бір марқасқалары қызмет істеді. Ш.Жан­дар­бекова, Б.Римова, Х.Бөкеева, Ы.Но­ғай­баев, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Ә.Мол­дабе­ков­тен бергі бүгінде С.Оразбаев, А.Әшімов, Ә.Тарази секілді ондаған, жүздеген сахна ше­берлері қолына ұстаған әрбір зат қастерлі де қасиетті. Бүгін театр мақтанар болса, сол асыл­дарымен де мақтануы тиіс. Тіпті өткен ға­сырларға сапар шекпей-ақ, бертінде сах­наланған жұрт назарын аударған «Абы­лай хан», «Томирис», «Турандот ханшайым» жә­не басқа да танымал қойылымдарда қан­шама құндылықтар жұртқа көрсетіледі де­сеңіз­ші. В.Шекспир «Театр – сымбатты өнер. Сон­дай өнері бар ел – бақытты» деген. Сол ба­қытты халық қазіргі театр құндылықтарын қан­шалықты бағалап отырмыз?

Image

…Нақты бұйымдар қоймасынан біздің көзімізге бірден түскені Гогольдің «Үйлену» шығармасын сахналау барысында қолда­нылып жүрген жиһаздар болды. Таза ағаштан жасалған әлгі бұйымдар бүгінде аук­циондарда ғана сатылатын қымбат мүліктерді елестетті. Оны сахнада көрген кезде үйіңіздің бір бөлмесін дәл осылай жабдықтау да есіңізге сап ете түседі. Төрт жылдан бері сахнадан түспеген жиһаздар әлі күнге қаз-қалпында сақталған. Олардың әрқайсысын сатар болсаңыз, құнын есептеу үшін арнайы мамандар шақыртуға тура келері анық. Айтпақшы, дүние-мүлік ең көп қолданылатын спектакль де осы – «Үйлену». «Жау жүрек», «Ымырттағы ма­хаб­­бат», «Империя», «Қыз мұңы» спек­та­кль­­дерінде де сахнаға қойылатын асай-мүсей өте көп. Әрине, жеңіл-желпі заттар театрдың өз шеберханасында да жасалады. Алайда сатып алуға тура келетіндері де бар­шы­лық.

Мұндай мүліктер қоймада ондап сана­лады. Тапсырыспен арнайы жасалған әрбір бұйым көздің қарашығындай сақталады. Әсіресе, сырмақтар, «Қарагөздегі» киім-ке­шек, найза, қалқан, мылтықтар тарихқа бай құндылықтар қатарында.
– Барлық заттардың бүлінбей тұра беруі де мүмкін емес қой. Қайсыбірі уақыт өте ке­ле тозады. Тасымалдау барысында немесе спектакль барысында сынып қалатын жағ­дайлар да болады. Оны өзіміздің мамандар қа­йта қалпына келтіреді. Тек мүлде жа­рам­сыздары ғана есептен шығарылады, –  дейді бутафор цехының қызметкері Гүлнәр Сәдуақасова.

Жолдасбек ДУАНАБАЙ

Осында ширек ғасырға жуық уақыттан бері жұмыс істейтін мамандардың айтуын­ша, театрдың дамуына, өнеріміздің өркен­деуі­не өз үлесін ерекше қосқан тұлға­лардың қолына ұстаған кейбір заттары қастерлі бұ­йым қатарында тұр. Айталық, көненің кө­зіндей болған қамшы, сүйенетін таяқ се­кіл­ді заттар назар аудартпай қоймайды. Біз осы жерде он шақты мылтықты көрдік. Бұ­ларыңыз енді мұражайларда ғана ұшы­ра­сатын дүниелер екендігі даусыз. Өйтке-ні мұны қазір кез келген отбасынан, қой­ма­дан да таба алмайсыз. «Біреулер ұрлап ке­тіп жүрмей ме?» деген сауалымызға:
– Жоқ, тізімде тұрған соң қадағаланады. Театр­да тек таза, адал адамдар қызмет етеді. Сон­дықтан қоймадан қолды болу мүмкін емес. Жалпы, ұжымда ниеті бұзық кісі­лер­дің жұ­мыс істеуі – ақылға сыймайды. Он­дай адам­дар аз күнде ғана өз еріктерімен жұ­­мыс­тан шығып кетеді. Уақыт тал­ға­май­тын қызметіміздің қадірін білетіндер ғана ғұ­­мы­рын театрға арнап келеді, – дейді нақ­ты бұйымдар цехының қызметкері Халида Те­мірбаева.
Біздің іздегеніміз құнды дүниелер бол­ғанын жасырмаймыз.  Айталық, «Қарагөз­де» қолданылатын заттар бар. Арнайы ма­ман­дар жасаған қойдың бас сүйегі, қазы-қар­таны ас табаққа сала салсаңыз, шын мә­­нін­де, бабымен асылған ет көз алдыңыз-ға ке­­леді.

Өте көне самаурын да осы жерде. Ке­мі жартығасырлық тарихы бар сары са­маурын өткен ғасырға еріксіз жетелейді. Тіпті кезінде Сәбира Майқанова, Бикен Ри­­­мова, Торғын Тасыбекова, Нүкетай Мыш­баева секілді театр тарландары таққан білезіктер де көненің көзі деуге болады. Осындай мүліктер мен заттардың қайсы­біріне құда түсетіндер де бар. Нақты бұйымдар цехының меңгерушісі Зу­ра Нұрмұханбетованың айтуынша, осын­дағы Сисаев Марат, Темірбаева Хали­далар спектакльдерді жабдық­тау­дан жа­лықпайтын әрі керек затын жатқа біле­тін мамандар. Біз театрға барған күні «Мөл­дір махаббат» спектакліне дайындық жүріп жатыр екен. Кіші залда сапырылысқан жұрт. Суретшілер де, режиссер де, жарық беру­шілер де осында. Қарап отырсаңыз, 1,5 сағаттық дүниеге дайындық бір күнді алады деуге болар. Осы дайындық арқылы жұрт жадында қалуы үшін қолдан келгеннің бәрі жасалады.

«Жау жүректегі», «Қыз мұңындағы» орын­дықтар, ыдыстар – күні бүгін қолда­ныстағы, бәріміз көріп жүрген заттар. Алай­да сахнаға қойылғанда айнала жайнап сала береді. Осы жерде өте аз заттар қол­да­на­тын спектакльдер де барын айта кеткен орынды. Мәселен, «Сыған серенадасы»: он­да 4 орындық пен қыздар ұстайтын тү­йін­шек қана қолданылады. «Қамар сұлуда» сахнаның сәні – ескі домбыра мен ескі мыл­тық.
Қысқасы, театрда таңғалдыратын да, там­сандыратын да дүниелер жеткілікті. Әсі­ресе, ағаш шеберлерінің қолынан шық­қан заттар жұртты қызықтыр­маға­ны­мен, олардың өзін былайғы жұрт біле бермейтіні өкінішті. Ерғалым Нұржанов пен Олжас Толғамбаевтың қолынан шыққан әрбір дүние еріксіз қызықтырады. Театрдың қоймасы – өнер жәдігерлері­нің орталығы. Сондықтан оны сахнадан ғана емес, жайшылықта барып та тамаша­лап жататындар баршылық.

 

http://www.aikyn.kz