АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан азаматы Түркиядағы түнгі клубтардың бірінде соққыға жығылған [:]

[:kz]

Түркияның Белек қаласындағы қонақ үйлердің бірінде орналасқан түнгі клубта 18 жастағы Қазақстан азаматын күзетшілер ұрып тастады деп хабарлайды Tengrinews.kz

 
Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

 

Зардап шегушінің анасының сөзінше, жас жігіттің қыздардың жанында билеп жатқаны клуб иесіне ұнамай қалған.

Түнгі клубтың бес күзетшісі оны сыртқа шығарып, аяусыз соққыға жыққан.

Қонақ үй қызметкерлері полиция шақыртудан бас тартқан соң, қазақстандықтар құзырлы органдарға өздері хабарласқан.

Жас жігіттің анасы түні бойы полиция бөлімшесі мен ауруханада жүргенін, рентгенге түсіріп және бас томографиясын жасатқанын, әлі де бірнеше мамандарға көрінуге тура келетінін айтты.

Әйел адам әзірге Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен байланысқа шыға алмаған.

 
  

[:]