АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қазақстан билігін құлатпақ болған» азамат Мәскеуде сотталды[:]

[:kz]

29 мамырда Мәскеуде Нагатин аудандық соты саяси технолог, Петр Милосердовты «Қазақстанда экстремистік қоғамдастық құрды» деп айыптап, 2,5 жыл түрмеге кесті.

Милосердов 2018 жылы қаңтарда Мәскеуде үйінің алдында ұсталған. Тергеу оны экстремистік қоғамдастық құрды деп айыптап, «Ашулы қазақ» жобасы мен «16 желтоқсан өтетін акцияның жоспары» мәтіндерін дайындаған деп кінәлайды. Айыптаушылар сөзінше, бұл мәтіндер әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздырады. Бірақ BBC-дің Орыс қызметі «бұл екі мәтін Ресей әділет министрлігінің сайтындағы экстремистік материалдар тізімінде жоқ» деп жазады.

Тергеу мәліметтері бойынша, Милосердов бұрын қамауда отырып шыққан белсенді Александр Поткинмен «Қазақстан билігін құлату үшін экстремистік қоғамдастық құрған». Поткин 2014 жылы ұсталып, оның ісі екі жыл қаралды. 2016 жылы Мәскеу соты Поткинді 7,5 жылға соттап, кейіннен жаза мерзімін 3,5 жылға азайтқан. Ол былтыр босап шығып, қазір «қазақстандық БТА банктен жымқырылған қаржыны заңдастыру ісі» бойынша үйқамақта отыр.

Милосердовты саяси тұтқын деп таныған «Мемориал» құқық қорғау орталығы сотталған азаматтың сөзін келтіреді. «Бұл істе менің Қазақстанға бір-ақ жерде қатысым бар. 2012 жылы қарашада Поткин Қазақстанда әлеуметтік зерттеу жүргізуді сұрады. Ол қоғамдық-саяси саладан хабары бар сарапшылардан сауалнама алуды тапсырды. Алматыда 4-5 адаммен сөйлесіп, Поткинге сауалнаманы жібердім» дейді Милосердов.

Саяси технологтың қорғаушылары «Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгертуге тырысу Ресейде қылмыс емесін» айтады. Қазақстан Бас прокуратурасы былтыр шілдеде Милосердовқа артатын кінәсі жоғын, ресейлік органдарға оны қылмыстық жауапқа тарту туралы тапсырма бермегенін хабарлаған.

Жас Алаш 

[:]