АЛТЫНОРДА
Шоу бизнес жаңалықтары

[:kz]»Қазақстан дауысы» жобасының жеңімпазы анықталды (видео)[:]

[:kz]

4 айға жалғасқан «Қазақстан дауысы» жобасы өз мәресіне жетті. Байқауда 18 жастағы Құралай Мейрамбек бас жүлдені иеленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осылайша Сәкен Майғазиевтің тобы жеңіске жетті. 

Құралай Мейрамбек Қызылорда облысының тумасы. Болашақ арт-менеджмент маманы. «Көрмей тыңдау» кезеңінде «Қорқыт-қобыз» әнін орындап, көпшіліктің есінде қалған болатын. Өнерпаздың аталған кезеңде көрсеткен өнерінің видеосы YouTube-та 1 197 000 қаралым жинап үлгерді. 

Құралай ақтық сында Бейбіт Оралұлының әні мен Шөмішбай Сариевтің сөзіне жазылған «Толғау» шығармасын орындады. Сондай-ақ, тәлімгері Сәкен Майғазиевпен бірге «Арман-ау» халық әнін шырқады. 

Финалда жеңімпазды көрермендер дауыс беріп, анықтады. Құралай 40 пайыз дауыс жинап, бас жүлдені иеленді.

 


Жобада ерекше стилімен және өнерімен көзге түскен Ерік Төленов (Alem-нің тобы) екінші орын алды. Ал Майра Мұхамедқызының шәкірті Ернар Амандық үшінші орынға, Маржан Арапбаеваның командасындағы әнші Аружан Айдарбек төртінші орынға жайғасты. 

Айта кетейік, биыл «Қазақстан дауысы» атануға 6 мыңға жуық әнші өтініш білдірді. Жобаға Қытай, Украина, Грузия, Қырғызстан, Өзбекстан елінен келген әншілер қатысты. 

 

[:]