[:kz]
«Тұсаукесер» жобасы Қазақстан өңірлеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру клубтарын қолдауға бағытталған.
«Қазақстан халқына» қоғамдық қоры алғашқы қайырымдылық жобаларын қаржыландыруды бастады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz қорға сілтеме жасап.
«Сараптама комитетінің шешімімен Қор реабилитолог-нұсқаушыларды оқыту және әлемдегі ең қымбат Zolgensma дәрісін сатып алу бойынша «Тұсаукесер» жобасын қаржыландырады», — делінген хабарламада.
«Тұсаукесер» жобасы Қазақстан өңірлеріндегі дене шынықтыру-сауықтыру клубтарын қолдауға бағытталған, онда ментальді және дене кемістігі бар балалар білікті мамандардың бақылауымен арнайы әдістеме бойынша спортпен шұғылдана алады. Жоба еліміздің төрт өңірінде нұсқаушы-реабилитологтарды оқытуды көздейді.
[:]