АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан Қорғаныс министрлігінің жалған ақпарат таралуына қатысты хабарламасы[:]

[:kz]

Биылғы 20 шілдеде бірқатар электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында (kaztag.kz, zakon.kz, time.kz, mail.kz, ktk.kz, т.б.) «Қазақстан әскері 82 млрд-тан аса қаражатқа 168 «Арлан» бронды техникасын сатып алады», «Бұл 82 млрд теңгеге сатып алынған техника Қазақстанға 2023 жылы жеткізіледі» деген тақырыптағы жарияланымдар пайда болды.

Осыған байланысты Қорғаныс ведомствосы нақты деректердің өрескел бұрмаланғанын мәлімдейді. Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың депутаттық сауалға берген жауабында «Қазақстан Парамаунт инжиниринг» ЖШС-нен «Арлан» 4х4 бронды көлігін сатып алатыны жөнінде мәлім еткен. Онда аталған әскери техниканы сатып алу 2016 жылдан бастап 2023 жылға дейінгі аралықта іске асатыны айтылған болатын. Бұл дегеніміз 82 млрд теңге қаражатқа аталған техниканы сегіз жыл ішінде сатып алуды білдіреді.

Әйтсе де, ресми деректерге қарамастан, сайттардың басты беттерінде «сатып алынады», «жеткізіледі» деген етістіктерді келер шақта қолдана отырып, мәтінде дұрыс сома көрсетілмеген ақпарат қайталанып жариялана бастады.

Журналистер сүйенетін дәйектілік, нақтылық және бейтараптық ережелеріне нұқсан келгеніне қарамастан, жалған мәлімет кеңінен таралды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында қорғаныс қажеттіліктері үшін қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу тақырыбы бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Эфирде, баспасөз БАҚ-тарында және әлеуметтік желілерде Қорғаныс министрлігіне шетелдік өндірушілердің қару-жарағы мен әскери техникасын отандық Қорғаныс өнеркәсіп кешенінен артық санағаны жөнінде негізсіз айып тағылып отыр.

Қорғаныс министрлігінің айналасында жағымсыз көзқарас тудырған бұл ақпарат қорғаныс және өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының коммерциялық мүдделеріне ғана айтылған. Онда негізінен бронды техникалар шығаратын «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС жайлы сөз болған.

«Арлан» машиналары Stаnag сынамасы бойынша қорғаныс дәрежесі тұрғысынан шетелдік осындай техникадан кем түспейді, жылдамдығы мықты, эргономикалық көрсеткіші жоғары.

Олар негізінен қалалық жерлерде және қатты жолдарда жүруге арналған. Пайдалану ұзақтығы шығарушының ұдайы сүйемелдеуін қажет етеді. Біздің мәліметтер бойынша, «Арлан»  бронды көлігі сыртқы нарыққа шығарылмаған.

Аталған техниканы пайдалану барысында басқа да кемшіліктері анықталды: мықтылық жағынан, жанармай шығыны, салқындату жүйесінің жетілмеген дизайны, бақылаудан жасырыну әлсіздігі, траншеялардан, жартастардан және су кедергілерін өтуде рульге қатысты бірқатар проблемалар бар. https://www.instagram.com/tv/CgRSZFfDMr3/?utm_source=ig_web_copy_link

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС-ның басқа да «Барыс» 8х8 БКМ әскери өнімінің үлгісін әскери сынақ кезінде оның жүруі, жауынгерлік модулі және бағдарламалық құжаттамасы бойынша бірқатар конструктивтік кемшіліктерді көрсетті. Қорғаныс министрлігі сарапшыларының ескертулерінен кейін өндіруші оларды жоюға мәжбүр болды.

Мемлекеттің басты бағыттарының бірі – қорғаныс қажеттілігі үшін қару-жарақ пен әскери техника сатып алу. Сондықтан Қарулы күштерді жарақтандыру мәселесі, біріншіден, ұжымдық, екіншіден, ведомстволық қажеттіліктерге негізделген. Бұл тұрғыда уәкілетті орган – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі орындаушыны айқындайды. 

Әлемдегі және өңірдегі геосаяси ахуалды ескере отырып, Қорғаныс министрлігі қырықтан астам елмен ынтымақтастықты дамытуда. Еліміздің серіктестер тізімі әрқашан ұлғайып келеді.

Қорғаныс ведомствосы қару-жарақ пен әскери техниканың техникалық сипаттамалары мен атыс мүмкіндіктеріне тұрақты түрде салыстырмалы талдау жүргізеді. Осы деректерге сүйене отырып, мамандар өз жағдайымызға қолайлы, мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтуға қажетті қару-жарақ пен техника үлгілерін сатып алу өтінімдерін әзірлейді.

Қорғаныс министрлігі БАҚ-қа Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің беделіне нұқсан келтіретін жалған ақпарат таратқаны үшін құқықтық жауапкершілік бар екенін мәлімдейді.

Әскерді қару-жарақпен, әскери техникамен жарақтандыру жөніндегі нақты деректерді және кез келген басқа ақпаратты (Мемлекеттік құпиялар туралы заңнаманың талаптарын ескере отырып) тікелей Қорғаныс министрлігіне өтініш білдіру арқылы алуға болатынын естеріңізге саламыз.

Altyn-Orda.kz

 

 

[:]