АЛТЫНОРДА
Ел жаңалықтары

[:kz]Қазақстан мен Ресей жаңа әскери келісімдерге қол қоймайды – Қорғаныс министр[:]

[:kz]

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан мен Ресейдің жаңа әскери келісімдерге қол қоймайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің айтуынша, қажетті құжаттардың барлығына қол қойылған. 

«Әскер серіктестік бойынша барлық сұрақтар шешімін тапқан», — деді Руслан Жақсылықов. 

Сонымен қатар министр ҰҚШҰ аясында мемлекеттер арасында ешқандай мәселе туындамаған. 

«Ешқандай дағдарыс жоқ. Біздің мемлекеттің қатуыс бойынша барлығы тұрақты. Қазақстан Республикасы өз міндеттемесін, жұмыс жоспарын орындап жатыр. Сондықтан қандай да бір дүрлігу немесе мәселе туралы айтудың мәні жоқ. Біздің мемлекетіміз бен заң нормасына арқа сүйейік, Бізде барлығы тұрақты, бекітілген нормаларды орындаудамыз», — деп түсіндірді ол. 

Айта кетейік, Армения Қырғызстан 2022 жылы ҰҚШҰ оқу-жаттығуларын өткізбейтінін мәлімдеген еді. Ал ертең елімізге Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин келеді деп күтіледі.

[:]