АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан президенттігіне алғашқы үміткер Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды[:]

[:kz]

Садыбек Түгел бірінші болып ҚР президентіне үміткер ретінде құжаттарын өткізді.

Осылайша, «Ұлы дала қырандары» республикалық қозғалысы президенттікке кандидат ретінде Садыбек Түгелді ұсынды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми парақшасында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

ОСК сондай президенттікке үміткер ретінде  мынадай құжаттар көрсетілгенін атап өтті. Яғни, үміткердің президенттікке ұсынылғаны жайлы ассоциацияның жоғары органы отырысының хаттамасы, үміткер Садыбек Түгелдің арызы, оның өмірбаядық деректері, Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасы төленгені және т.б. туралы құжаттары тапсырылған.

Сонымен қатар, президенттікке үміткер болып алғаш құжат тапсырған Садыбек Түгел ОСК-ға құжаттарын тапсырғаны жайлы өзінің Facebook парақшасында жазды.

stan.kz

 

[:]