АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:ru]Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Желтоқсанның 30 жылдығына арналған іс-шара жалғасын табуда [:]

[:ru]

img_22352016 жылдың 15 қараша күні Әуезов ауданы әкімі аппаратының ұйымдастырумен №104 жалпы білім беретін мектепте Қазақстан Республикасының 25 жылдығы мен Желтоқсанның 30 жылдығына орай «Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шараға желтоқсаншылардан Толымбек Жортулы, Мұхаметжанова Ұлман қатысты.

Шара барысында желтоқсан батырларына арнап мектеп оқушылары жалынды жырларын, өлеңдерін оқып, ән арнады. Өз кезегінде желтоқсаншылар бастарынан кешкен оқиғаларды айтып, жастарды өз елін сүюге үндеді. 

Сонымен қатар, шара аясында мектепте өткен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Желтоқсанның 30 жылдығына арналған шығарма байқауы мен басқа да мектепішілік байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау да ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, аталған сипаттағы Желтоқсанның 30 жылдығына арналған іс-шаралар аудан аумағында орналасқан барлық оқу орындарында жалғасын табуда. 

Алтынорда

 

 

[:]