АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстан сатып алмақ болған Ресей вакцинасына АҚШ санкция салып үлгерді[:]

[:kz]

Құжатта вакцина жасаған мекеме Ресейдің химиялық және биологиялық қаруды жасау бағдарламасымен байланысы бар деп Вашингтонның күдіктенетіндігі айтылған.

АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы Мәскеу мемлекеттік органикалық химия және технологиялар ғылыми-зерттеу институтын (ГосНИИОХТ) және Ресей Қорғаныс министрлігінің екі ғылыми-зерттеу институтын қара тізімге енгізді, деп хабарлайды zakon.kz сайты.

РИА Новостидің хабарлауынша, тиісті құжат АҚШ-тың Федералды реестрінде жарияланған.
Сауда министрлігінің, мемлекеттік департаменттің, Пентагонның, Энергетика министрлігінің және АҚШ-тың Қазынашылық министрлігінің өкілдері кіретін комитет бекіткен шешімге сәйкес қара тізімге:
— Ресей Қорғаныс министрлігінің 33-ші Орталық ғылыми-зерттеу институты (Саратов облысы);
— 48-ші Қорғаныс министрлігінің Орталық ғылыми-зерттеу институты (Киров қ.), Екатеринбург пен Сергиев Посадтағы филиалдарын қоса алғанда;
— «Органикалық химия және технологияның мемлекеттік ғылыми-зерттеу институты» Федералдық мемлекеттік унитарлық кәсіпорны (ГосНИИОХТ).

Бұйрықта жоғарыда аталған мекемелер Ресейдің химиялық және биологиялық қаруды жасау бағдарламасымен байланысы бар деп Вашингтонның күдіктенетіндігі баса айтылған.

Іс жүзінде АҚШ әкімшілігінің қазіргі шешімдері қара тізімге енгендерге АҚШ-тың экспорттық бақылауын күшейтетінін білдіреді. Бұл, шын мәнінде, оларға лицензия беруге тыйым салу, АҚШ-та екі мақсатты өнімді сатып алуға мүмкіндік беру. Сол секілді коронавирус инфекциясына қарсы вакцина жасауға қатысқан Қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу институты да шектеу шараларына ұшыраған.

Сенатор Олег Морозов Вашингтонның шешімін вакцина жасауда сәтсіздікке ұшырауының көрінісі деп түсіндірді. Оның пікірінше, АҚШ Ресейдің дәрі-дәрмегін Батыс нарықтарына кіргізгісі келмейді, бірақ ол кез келген жағдайда сұранысқа ие болады.

[:]