[:kz]
Қазақстан темір жолы» ұйымының мерекелік жарнамасы елордалықтардың ашуын келтірді. Елді шулатқан бейнеролик жайлы мекеме өкілдері пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Халықаралық әйелдер күніне орай ұйым ғимаратының сыртына орналастырылған жарнама көптің сынына қалды. Өз кезегінде мекеме өкілдері бұл әрекеттері үшін кешірім сұрады.
«Ролик әлеуметтік желіде тұрғындардың қызу талқысына түсті. Кейбір азаматтарға жарнама жақпаған сыңайлы. Біз жарнамаға байланысты туындаған жағымсыз көңіл-күй үшін кешірім өтінеміз. Жарнаманы жариялар кезде біздің ойымызда әйелдер қауымын ренжіту болған жоқ», — деді «ҚТЖ» өкілдері.
Бұған қоса, ұйымдағылар ерлермен бірге табандылықпен ауыр жұмыста еңбек етіп жүрген арулардың еңбегін жоғары бағалайтындарын жеткізді.
[:]