АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда 1 қаңтардан бастап әйелдердің зейнет жасы ұлғаяды [:]

[:kz]

Заңға сәйкес, 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазақстандық әйелдер зейнетке ерлер сияқты 63 жасында шығады 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнет жасы 59,5 жасқа дейін ұлғаяды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстанда өткен жылдың қаңтарынан ерлер мен әйелдердің зейнет жасын теңестіру жұмысы басталды. Заңға сәйкес, 2027 жылға дейін қазақстандық әйелдердің зейнет жасына жарты жылдан қосылып отырады. Ал ерлер үшін ештеңе өзгерген жоқ – олар зейнет демалысына бұрынғыдай 63 жаста шығады. Зейнет жасын арттырудың бірінші кезеңі 2018 жылы басталды. Былтыр әйелдердің зейнет жасы 58,5, ал биыл 59 жасты құрады. Ал келесі жылдан бастап олар 59,5 жасында зейнетке шығады.

2021 жылдың 1 қаңтарынан — 60 жасында;

2022 жылдың 1 қаңтарынан — 60,5 жасында;

2023 жылдың 1 қаңтарынан — 61 жасында;

2024 жылдың 1 қаңтарынан — 61,5 жасында;

2025 жылдың 1 қаңтарынан — 62 жасында;

2026 жылдың 1 қаңтарынан — 62,5 жасында;

2027 жылдың 1 қаңтарынан — 63 жасында.

Десе де, кейбір әйелдердің зейнет жасы өзгермейді. Олардың ішінде көпбалалы аналар және Семей ядролық полигонында тұрған әйелдер бар.

Мәселен, бес және одан көп баланы сегіз жасқа дейін тәрбиелеп өсірген аналар 53 жаста зейнетке шыға алады.

Ал Семей ядролық полигонынының жоғары радиациялық қаупі бар аймақтарда бес жылдан артық тұрған әйелдерге 45 жаста, ерлерге 50 жаста зейнетке шығуға рұқсат бар.

2019 жылдың 1 қаңтарынан:

базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 16 037 теңге;

ең төменгі зейнетақы – 36 108 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі – 29 698 теңге.

Зейнет жасы төмендей ме Әйелдердің зейнет жасын ұзарту қоғамда дау туғызғаны жасырын емес. Бұл мәселе әлі де әлсін-әлсін көтеріліп келеді. Көптің талап-тілегі – зейнет жасын, керісінше, төмендету. Жуырда президенттің төрағалығымен өткен ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында кеңес мүшелері бұл мәселені де айналып өтпеді. Олар әйелдер үшін зейнет жасын 55, ал ерлер үшін 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынды

. Ел үкіметі бұл ұсынысты қарастыруға уәде бергенімен, зейнет жасын төмендету ойларында жоқ екенін ашық білдірді. Премьер-министрдің бірінші орынбасары – қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, қазір бүкіл әлемде әйелдердің зейнетке шығу жасын ұзарту процесі жүріп жатыр. Себебі халықтың тұрмысы жақсарып, тиісінше адамның өмір сүру ұзақтығы артып келеді. Бұған дейін мәжілістің бір топ депутаты мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-ананың зейнет жасын төмендетуді ұсынған болатын. Ал ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы жолдауында зейнетақы қорындағы ақшаның бір бөлігін баспана мен білімге жұмсауға рұқсат беру мүмкіндігін қарастыру қажеттігін айтты. Қазір үкімет мемлекет басшысының ұсынысын жан-жақты саралап, пысықтап жатыр.   «Қамшы» сілтейді

qamshy.kz

 

[:]