АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда 2018 жылғы қыс қандай болады?[:]

[:kz]

Қазгидромет» РМК қыс мезгілінде республиканы қандай ауа-райы күтіп тұрғанын жариялады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Синоптиктердің мәліметінше, қыстың ызғары қарашада сезіле бастайды. Қараша айы жауын-шашынды әрі желде болады. Метеоролгтар көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілерді осы күндері абай болуға шақырды.

Гидромет орталығының директоры Марина Шмидттың айтуынша, бір айда үш салқындату толқыны жүреді, бірі екіншісінен қарқынды болады деп күтілуде. Ал ай соңында температура төмендейді.

«Қараша айында Қазақстанның солтүстік аймағында температура ауасы 30 градусқа дейін төмендейді. Елдің оңтүстігінде түнде 15 градусқа төмендесе, күндіз 5 градусқа дейін аяз күтіледі.

Қазақстанда қыс қарлы әрі ұзақ болмақ. Арктиканың теңіз жағалауларынан суық ауа массасының жиі шапқыншылығынан республиканың шығыс бөлігі суық және қарлы болады, ал батысында жылы ауа массасының әсерінен жылы және қары сирек ауа райы орнайды.

 Ұзақ мерзімді метеорология басқарма басшысы Гүлмира Акишева 2018 жылғы қыс мезгілінің суық және қары сирек болатынын мәлімдеді.

Ал ақпанда елдің көп аймақтарын қар басып, күшті желдер орнайды.

Көктемнің басталуы құбылмалы болады: нағыз қысқы жиі жауын-шашынды, қатты желді күндер көктемгі жылы және ашық күндермен алмасып тұратын болады. Ауаның орташа температурасы наурызда нормадан 1°С жоғары оңтүстік-батыста және елдің оңтүстігінде бақалады, қалған аумақта климаттық нормаға сәйкес жуық болады.

 

«Қамшы» сілтейді

[:]