[:kz]
Қазақстанда қазіргі таңда аты-жөні Абай Құнанбайұлы деп жазылатын 31 адам тұрады, оның ішінде аты мен тегі 3 адам, ал әкесінің аты Абай Құанбайұлы деп көрсетілген 28 адам бар. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің мәліметінде айтылады.
«Ең көбі Түркістан облысында – 10 адам, ал Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында – 3 адамнан тұрады. Сондай-ақ, Қазақстанда ұлы ақынның 17 674 аттасы бар екен, оның көбі -2100 адам – Түркістан облысында, Алматы облысында – 2062, ал Нұр-Сұлтан қаласында – 1610 Абай есімді қазақстандықтар тұрады»,- делінген ведомство мәліметінде.
azattyq-ruhy.kz
[:]