[:kz]
Қазақстанда ашық образдарын паш етіп, Грозный қаласында оранып алғанына шүйліккен.
Отандық танымал әнші Назима Жәнібекова желіде үлкен сынға ұшырады. Ел алдына көбіне ашық образдарымен шығатын жұлдыздың Шешенстанның астана күнінде сахнаға орнанып шығуы көпшілік арасында түсінбеушілік тудырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Желідегілер әдетте, қысқа киімдерді таңдайтын Назиманың орамал тағып, күрт өзгеріп шығуын сынға алған.
Өнер иесінің Instagram парақшасындағы соңғы жазба кері пікірлерге толығуда. Көпшілік «Black Star» продюсерлік орталығының жұлдызын Қазақстанда ашық образдарын паш етіп, Грозный қаласында оранып алғанына шүйліккен.
«Қазақстанда демек, жалаңаш жүре беруге болады. Ал Грозныйда оранып шығу керек пе?», «Неге бұлай киініп алған?» , «Өмірге деген көзқарасыңыз бен дініңіз барған жеріңізге байланысты болғаны ма?» , «Ашық жүріп, енді оранып алғаны қызы екен» , «Жалаңаштанбаңыз, біздің елдің салты мен тәрбиесін көрсетіңіз», — деп жазуда желі оқырмандары.
Алайда, кері пікір білдірушілермен қатар, Назиманың бұл образына тәнті болған адамдар бар.
[:]