АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Қазақстанда қалай реформа жасау керектігін айтқан»: Бір топ қазақ пен Саакашвилидің Киевтегі кездесуде не талқылады?[:]

[:kz]

 

Қазақстанға танымал бір топ азаматтың Киевте, Михаил Саакашвилимен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеп хабарлайды.

Түрлі-түсті революциядан соң 36 жасында Грузияның президенті болып, Грузияның әбден іріп-шіріген саяси жүйесін жемқорлықтан арылтқан реформатордың бұл жиында айтқан сөзін әр азамат өзінше талқыға салып жатты. Саакашвили бұндай кездесуді ұйымдастырғаны үшін Марғұлан Сейсенбайға алғыс та білдіріпті.

 

Арман Шораев, Қуаныш Шоңбай, Олжас Құдайбергенов, Тоғжан Қожағалиева  Бақыт Сыздыкова  сияқты қоғамдық істерге араласып жүрген түрлі саладағы қызмет атқаратын бір топ азаматты Михайл Саакашвили тура үйіне шақырыпты. Саясаткердің он жүздік аумақты ғана алып жатқанжәне 75 шарыметрден аспайтын үйінің алдында барлығы 20 шақты қазақ азаматы жиналған.

Қазіргі таңда Украинаның ұлттық реформа кеңесінң төрағасы болып істейтін Михайл Саакашвили өзінің Facebook парақшасында өзінің Грузия мен Украинадағы жүргізген реформалар төңірегінде тәжірибесімен бөліскенін жазады. Ал Тоғжан Қожағалиеваның сөзінше бейресми өткен 4 сағатқа созылған кездесуде Саакашвили Қазақстанда қалай реформа жасау керектігі туралы ойларын айтып кеңес берген. Кездесу соңында Алматыдағы университеттердің бірінде Саакшвили орталығын ашу туралы келісім жасасқан. Осы үшін Саакшвили Қазақстанға келу мүмкін. 

«Ең бірінші шарасы — мемлекеттің әр түрлі салаларда регуляциядан кету. Егер одан кетсе жемқорлық азаяды. қандайда бір құжаттарға қол қою азайса, онда жемқорлық та азаяды деген тұжырымды айтты «, — дейді Тоғжан Қожағалиева.

[:]