АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда коронавирус жұқтырды деген күдікпен 38 адам ауруханада жатыр[:]

[:kz]

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырды деген күдікпен инфекциялық стационарларға жатқызылған 38 адам жайлы мәлімдеді. Оларда қандай вирустық инфекция бар екені анықталып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министр хабарламасына сәйкес, Қазақстан Қытайдағы жағдайға байланысты санитарлық режимді күшейткен соң 6 қаңтардан бастап елге 20 мыңнан аса адам келген. Оның ішінде 500-і шетелдік, қалғаны қазақстандықтар.

Қазіргі уақытта министрлік келген азаматтардың барлығын бақылауда ұстап отыр. Олармен байланыс орнатылып, денсаулық жағдайы, әсіресе, дене қызуы анықталуда. Сондай-ақ, мамандар елге ұшып келгендерді тепловизормен тексеріп жатыр.

Тексеріс жұмыстарынан соң коронавирустық инфекция жұқтыруы мүмкін деген күдікке ілініп, 54 адам ауруханаға жатқызылған.

Бүгінде олардың 38-і инфекциялық стационарларда қалып отыр. Науқастарға қатысты бақылау күшейтілген. Ал қалған азаматтар коронавирус расталмағандықтан, ауруханадан шығарылды.

Бақылауға алынған барлық азаматтардың биоматериалдары Алматыға жіберілді. Қазір оларды қос орталық- ерекше қаупі бар инфекциялар ұлттық орталығы және биотехнология орталығы зерттеп жатыр.

Дәл сонда медицина қызметкерлері ДДСҰ әдісі бойынша коронавирусты анықтайды.

Әзірге сараптама қорытындылары дайын емес. Олар шыққан соң бақылаудағы азаматтарға қандай ем қолданылатыны белгілі болады.

Айта кетейік, еліміздің вице-премьері Бердібек Сапарбаев Қытайдан эвакуацияланған Қазақстан азаматы өздерімен вирус әкелмеуі және оны отандастарына жұқтырмауы үшін үкімет қандай шаралар қолданатынын мәлімдеді.

[:]