АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 97 адамға жетті[:]

[:kz]

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны жүзге жуықтады. Бүгін соңғы сағаттың ішінде Нұр-Сұлтанда жаңа 9 дерек тіркелген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы coronavirus2020.kz сайтында белгілі болды.

Денсаулық сақтау министрлігі комитетінің хабарлауынша, 26 наурызда елордада 55 вирус жұқтыру жағдайы анықталып отыр. Соңғы бір сағатта тоғыз науқастан инфекция табылған.

Сонымен елімізде жалпы 97 коронавирустық инфекция жұқтыру дерегі расталды.

Қазақстанда коронавирус бойынша 26 наурыз сағат 12:20-дағы жағдай:

Нұр-Сұлтан қаласында – 55

Алматы қаласында – 34

Қарағанды қаласында – 2

Шымкент қаласында – 2

Алматы облысында – 1

Ақтөбе облысында – 1

Жамбыл облысында – 1

Солтүстік Қазақстан облысында – 1

Ал бүгін таңертең COVID-19 инфекциясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары бойынша 7 адамнан табылғаны хабарланды.

Еске сала кетейік, COVID-19 инфекциясына байланысты Қазақстанда 16 наурызда бастап, 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған.

 
 

Ал еліміздің екі ірі қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанда вирустың таралуына жол бермес үшін 19 наурыздан бастап карантин режимі енгізілген.

Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде заңды талаптарды орындамаған азаматтар жауапкершілікке тартылады.

Мәселен санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының нұсқамаларын орындамағаны (ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-бөлігі – 500 АЕК-ке дейін айыппұл) және санитариялық ережелер мен гигиеналық нормаларды бұзғаны үшін (ӘҚБтК-тің 425-бабы – 5 млн теңгеге дейін айыппұл) әкімшілік жауаптылық белгіленген.

[:]