АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда МиГ-31 әскери ұшақтардың ұшуы тоқтатылды[:]

[:kz]

Қазақстанда Карағанды маңында болған апаттан кейін МиГ-31 ұшақтары ұшуын тоқтатты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ҚР қарулы күштері әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетов мәлім етті.

 

«Әуе апатының орнына бірінші болып іздеу-құтқару қызметінің кезекші тікұшақ пен Қазақстанның әуе күштерінің жерде құтқару командасы келіп жетті. Ұшқыштарға дәл сол орында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Осыдан кейін олар Қарағанды облыстық ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта ұшқыштарға тиісті медициналық көмек көрсетілді. Біреуінің жағдайы қанағаттанарлық деңгейде болса, екіншісінің ауырлығы орташа. Сонымен қатар, Қорғаныс министрінің аталған авиациялық оқиғаны зерттеу бойынша комиссия құрылды. Комиссия жұмысты тексеріп, алдын алу жұмыстарын жүргізгеннен кейін МиГ-31 жойғыш ұшақтары қайтадан ұшырыла бастайды», — деді ол.

Еске салайық, бұған дейін ҚР қорғаныс министрлігі Қарағанды облысында орын алған ұшақ апаты жайлы толық ақпарат жариялаған болатын 

[:]