[:kz]
Қазақстанның ауыл шарушылық министрі Сапархан Омаров елімізде нан бағасының қымбаттайтынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Қазіргі уақытта нан өңірге байланысты 75-78 теңгеден сатылуда. Баға аздап көтеріліп, 80-82 теңгеге жетеді деп топшылаймын», — дейді Омаров.
Өз сөзінде министр бұл бағаның аздаған деңгейде ғана қымбаттауы екенін атап өтті.
Сонымен қатар министрлік нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» тұрақтандыру қорларынан дәнді дақыл сатып алумен айналысып жатқанын айтты.
«Сондай-ақ, әр облысытың әкімдігі тұрақтандыру қорларынан бидай мен ұн сатып алуда. Ішкі нарықтағы тұрақтылық үшін, жыл сайын «Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен» комбинаттар арасында 150-ден 250 мың тоннаға дейін астық сатылуда. Биылғы жылы нан бағасы күрт қымбаттамауы үшін, ішкі нарықта 150 мың тонна астық сатылды», — дейді ауыл шаруашылығы министрі.
[:]