АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда нумерологтардың бір күндік жалақысы 80 мың теңгеден асады[:]

[:kz]

Сандардың қыр-сырын зерттеп жүрген Айдана Кәкен нумерологтардың күндік жалақысы 80 мыңнан асатынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Астана» арнасына сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бір нумерологқа болашағын болжату үшін күніне он шақты адам жүгінетін көрінеді. 

«170-ке жақын оқушыларым бар. Қазір бес оқушы оқып жатыр. Жарнама жасамаған күннің өзінде маған күніне оннан аса адам хабарласып жатады. Өйткені нумерологияда қыр-сырлары көп. Әр адам әртүрлі түсініп, әрқалай айтуы мүмкін», – дейді Айдана Кәкен. 

Нумерологтардан қызмет алу құны – 5000 теңгеден басталып, 100 мың теңеге дейін жалғасады. Олардың көбі дерлігі әлеуметтік желіде дөңгелетіп отыр. Бағасы қанша қымбаттағанмен құнығып отырғандар азаяр емес. 

Бірақ дінтанушылардың айтуынша, болашақты болжаудың кез келген тәсілі дұрыс емес. Нумерологияға адамдар сәттілік санын анықтау үшін жүгінеде екен. Соңғы жылдары бұған түпкілікті сенетіндер де артқан

Stan.kz 

[:]