АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталды[:]

[:kz]

 

БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын алып тастауға бағытталған «Азаматтық және саяси құқықтар» туралы халықаралық екінші факультативті хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Өлім жазасын алып тастау туралы халықаралық хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас ассамблеясының 75 жылдық мерейтойлық сессиясының жалпы саяси дебатында сөйлеген сөзінде жариялады», — деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Мемлекет басшысы Қазақстанның өмір сүруге және адамның қадір-қасиетіне деген негізгі құқықты жүзеге асыруға ұмтылатындығын атап өтті.

2019 жылдың желтоқсанында Тоқаев елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру шеңберінде сыртқы істер министрлігіне «Азаматтық және саяси құқықтар» туралы халықаралық екінші факультативті хаттамасына қосылу процедурасын бастауды тапсырды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда өлім жазасын қолдану президенттің 2003 жылы тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен толығымен тоқтатылды.

[:]