[:kz]
«INVIVO» және «Olimp» зертханалары ПТР тестілеу бағаларын 9000 теңгеге дейін төмендетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі клиникалық диагностикалық зертханалармен монополияға қарсы сәйкестік актісіне қол қойды.
Нәтижесінде «INVIVO» және «OLYMPU» компаниялары ПТР тестілеу бағаларын өз еркімен 9000 теңгеге дейін түсірді.
Еске салсақ, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Қазақстанда ПТР тестілеудің бағасы бір айдың ішінде арзандайтыны туралы айтқан болатын.
[:]