АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда төтенше жағдай уақыты ұзартылды: Карантин режимі сәуір айының соңына дейін жалғасады[:]

[:kz]

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен елдегі төтенше жағдай уақыты сәуір айының соңына дейін ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстан үкіметі елдегі төтенше жағдай режимін сәуір айының соңына дейін созу туралы шешім шығарды. 

«15 сәуірде төтенше жағдай режимі туралы жарлығымның мерзімі аяқталады. Төтенше жағдай режимін, кем дегенде, сәуірдің аяғына дейін созуға тура келетіні қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Біз коронавируспен ауырудың шарықтау шегін әлі өткізген жоқпыз. Індетке қатысты жағдайды жеңілдетуге болмайды. Осы себепке байланысты карантин режимін елордада, Алматы мен Шымкентте және тиісті облыстарда сәуірдің аяғына дейін созуды тапсырамын. Мұның оңтайлы шешім емес екенін түсінемін. Өйткені халық көшеге шығып, қалыпты тұрмысын жалғастырғысы келеді. Бірақ карантин режимін сақтаудан, оқшауланудан басқа жол жоқ. Бұл отандық және халықаралық вирусолог мамандардың ұсынысы» — деді мемлекет басшысы.

 

Еске салайық, бұған дейін 15 наурыз күні мемлекет басшысы Қазақстанда төтенше жағдай жариялаған еді. Президент басшысының бұйрығымен ТЖ уақыты 15 сәуірге дейін енгізлген еді. 

[:]