АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда жамағатпен бірге далада намаз оқуға рұқсат етілді[:]

[:kz]

 

Еліміздің бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулысы жарыққа шықты. Қаулығы сәйкес 3 мамырдан бастап діни орындарда ашық аспан астында жамағатпен бірге намаз оқуға рұқсат етілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі. 

Мешіттерде, шіркеулер мен басқа да діни орындарда ұжымдық діни іс-шаралар маска режиміне және төрт метр әлеуметтік арақашықтық сақтай отырып өтілуі тиіс. 

 

Өз кезегінде ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айының бірінші күні президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, ел мұсылмандары жұма намазын асыға күтетіндігін айтты.

Содан кейін мемлекет басшысы елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақталып, мешіттер көп ұзамай құлшылық ету үшін ашатылатынын айтқан болатын.

[:]