АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстанда жазда алты жасар балаларға тегін курстар ашылады[:]

[:kz]

Балабақшаға немесе орталықтарға бармаған алты жастағы балаларға арналған үш апталық оқыту курсы енгізіледі. Бұл туралы білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева хабарлады.
«Әр мектепте қосымша жазғы курстар болады. Үш апта бойы балалар орталықтарына және балабақшаға бармаған балалар тегін дайындалады. Жалпы білім беру мектептеріне балаларды қабылдау үшін ешқандай тест қарастырылмаған. Бізде Назарбаев зияткерлік мектептері, Республикалық физика-математика мектебі бар – бұл арнайы бағдарланған мектептер. Олардың жарғысында баланың бейімділігін анықтау үшін тестілеуден өтетіні жазылған», — деді Суханбердиева.

Қазақстанда «Білім туралы» заңға сәйкес, балалар алты жастан бастап бірінші сыныпқа баруы тиіс. 1 қыркүйекте (қазан, қараша, желтоқсанда туғандар) алты жасқа толмағандар мектепалды дайындықты бітіріп, келесі жылы бірінші сыныпқа барады.

 

Sputnik

[:]