[:kz]
Жаңа жоспарлар мен ноу-хау туралы ҚР «Атамекен» ҰКП Президиумының Төрағасы Тимур Құлыбаев мәлімдеді. «Атамекеннің» бастамасымен биылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде 10-11 сыныптарға «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылады.
«Президент білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларына қаржы бөлу туралы нақты тапсырмалар берді. ШОБ пен жаппай кәсіпкерлікті дамыту арқылы азаматтардың жұмыспен қамтылуы мен кірісінің артуына тоқтала кетсем. Біз кәсіпкерлердің ұлттық палатасы ретінде түрлі бастамаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Бұған қоса кәсіпкерлікке баулу мектептен басталып, жоғарғы оқу орнына дейін жалғасуы тиіс деп ойлаймын», — деді Тимур Құлыбаев.
Бұған қоса біз кәсіпке бейімдеу жұмыстарын 7 сыныптан бастауды ұсындық. Бұл ұсыныстар оқушылар мен олардың ата-аналарына бизнес туралы біліп, мамандық таңдауына мүмкіндік береді.
elitar.kz
[:]