АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандық 75 жастағы қария өз махаббатын іздейді[:]

[:kz]

Құсманияр Әбіловтің жұбайы дүние салғанына 13 жыл болды. 75-тегі қарияның 2 баласы, 2 немересі бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алайда тірі адам тіршілігін жасайды емес пе, қасына шүйіркелесетін жанды іздейді. Ақсақал «Махаббат жасқа қарамайды» деп санайды. Сол себепті де «Qoslike» бағдарламасына келуге бел буған атай қатысушылардың біріне ес-түссіз ғашық екенін жария етті. Иә, мұндай да болады.

 

Қарияның қол жетпес арманының есімі – Роза. Жасы 63-ке келген жан өз бақытын табудан үмітті.

Кеше Құсманияр ата мен Роза романтикалық кешкі асқа барды. Олардың ары қарайғы арақатынасы енді дүйім жұрттың алдында өрбімек. Жобаның жасы ең үлкен қатысушылары екі жарты бір бүтін бола алар ма екен?

[:]