АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандық «Астана» тобы әйгілі «Манчестер Юнайтед» футболшыларын ойсырата жеңді (видео)[:]

[:kz]

Отандық «Астана» футбол тобы ағылшын «Манчестер Юнайтед» құрамасын 2:1 есебімен жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елордалық «Астана Арена» алаңында отандық футболшылар танымал «Манчестер Юнайтед» тобын жеңді. 

Сайыстың оныншы минутында шетелдік Лингард есімді футболшы гол соғып,  өз командасына бір ұпай алып келген. Алайда келесі таймның жеті минутының ішінде елордалық ойыншылар шотты теңестіріп қана қоймай, қарсыластарын басып озып, ақырында жеңіске жетті. 55-ші минутта голды Дмитрий Шомок соғып, ал келесі жеңіске алып келген соққыны өз қақпасына 19 жастағы Дишон Бернард жасады. Осылайша ойын 2:1 есебімен қазақстандық топтың жеңісімен бітті. 

«Астана» тобының бастапқы құрамасында Ненад Эрич (топ басшысы), Дмитрий Шомко, Евгений Постников, Юрий Логвиненко, Антонио Рукавина, Иван Маевский, Абзал Бейсебеков, Рунар Мар Сигурьонссон, Дорин Ротариу, Роман Муртазаев, Сергей Хижниченко болған. 

Ал «Манчестер Юнайтед» тобының намысын Грант, Туанзебе, Бернард, Шоу, Лейрд, Гарнер, Левитт, Лингард (капитан), Гомес, Чон, Гринвуд қорғапты. 

Кейіннен «Манчестер Юнайтед» тобының жаттықтырушысы өздерінің жеңілісі туралы сөз қозғады. 

«Біз ойын бастала салысымен көшбасшылыққа ие болдық. Дегенмен екінші таймда екі гол жіберіп алдық. Біздің ойыншылар қарсыластарына қысым көрсете отырып ойнады алайда бізге уақыт жетпей қалды. Менің ойымша, қазақстандық топ бұл ойыннан үлкен тәжірибе жинай алды. Мен Қазақстанға көрсеткен қонақжайлығы үшін алғыс білдіре отырып, «Астана» командасын шын жүректен құттықтаймын. Олардың жеңіске қатты қуанып жатқандары киім ауыстыру бөлмесінен естілген дауыстардан-ақ байқалды», — деді жаттықтырушы Оле Гуннар Сульшер.

Бұған қоса ол егер елордалық топтың қорғаушысы жас болғанда оны «өз тобыма шақыратын» едім деп айтқан. 

Атап кетерлік жайт, бұған дейін неліктен «Астанаға» қарсы «Манчестер Юнайтедтің» жұлдыздары келмегендегі айтылған еді. Бұны жаттықтырушы жақында болған футбол жарысынан кейін спортшылардың демалып үлгермегендігімен және қазақстандық құрамаға қарсы болатын ойында бәсекелестікті теңестіргесі келгендігімен түсіндіріпті. 

 

[:]