АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАПКЕР ӨРТКЕ ОРАНҒАН АВТОБУСТАҒЫ 48 ЖОЛАУШЫНЫ ҚҰТҚАРЫП ҚАЛДЫ [:]

[:kz]

 

Қазақстандық 37 жастағы грек-рим күресінен балалар бапкері Ержан Әмірханов өртке оранған автобустағы 48 жолаушының өмірін құтқарып қалды. Көлік Семейден Новосібір қаласына бағыт алған екен. Өрт 5 тамыз күні түнде басталған. Бірінші болып оянған Әмірханов өзге жолаушыларды оятып, есіктерді бұзып, жолаушылардың бәрін сыртқа шығарып алған. Автобуста болған 15 жастағы Кирилл Рявкин «Егер Ержан мені оятпағанда мен де, менің қарындасым да ажал құшар едік. Ал Ержан болса ерлік істедім деп көкірегімді ұрмаймын дейді. Бұл туралы отандық tengrinews.kz сайты да жазады. «Ең бастысы аман қалдық. Құжаттарым – жеке куәлігім, ақшам, миграциялық картам бәрі қалып кетті» дейді Ержан. Миграциялық мәселелер бойынша басқарма қызметкерлері Ержанның құжаттарын жылдам қалпына келтіруге көмектесіп, оған қала ішінде жүруге мүмкіндік сыйлайтын анықтама берген. Оның ерлігін естігеннен кейін тіпті бейтаныс адамдар да жас бапкерге қол ұшын соза бастаған. Тек автобустың қожайыны ғана сырт қалған. Әмірханов Семейде балалар бапкері болып жұмыс істейді. Ол Ресейге көлік сатып алу үшін бара жатқан және өзімен бірге 1,4 миллион теңге алып шыққан. Ол бар ынтасымен балаларды, жолаушыларды құтқарып алу үшін жанталасқан. Осылай арпалысып жүргенде оның құжаттары, бүкіл ақшасы жанып кеткен. Далада қалған адамдарды Барнаулға қарай бара жатқан транспорт ала кеткен. Ол жерден әрі қарай жолаушылар әртүрлі автобустарға мініп Новосібірге аттанған. Зардап шеккендерге байланыс үшін телефондар берілген. «Қазір мен құжатсыз, ақшасыз қаңғырып қалдым. Әрине, біз кеденнен өттік, сондықтан менің ол автобуста болғаным дәлелденеді. Енді сол үшін жүгіруім керек пе? Жолаушылар «біз саған ақша берейік» дейді. Бірақ неге олар төлеуі керек? Бізді сол автобусқа отырғызған адамдар қайда? Мен артық нәрсе сұрап тұрған жоқпын, тек ақшам мен құжаттарымды қайтарыңдар» депті Ержан автобус қожайындарына қарата.

Абай Аймағамбет

aikyn.kz

 

 

[:]