АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандық бойжеткен Түркияда құздан құлап, қаза болды[:]

[:kz]

Қазақстан азаматшасы  Туркияның Анталья қаласында құздан құлап, қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

31 жастағы Олеся Суспицина соңғы жылдары Турцияда тұрып, сол жақта гид болып жұмыс істеп келген. 

«Ол Анталияның ұлттық саябағындағы сарқыраманың жанында тұрған. Содан кейін тепе-теңдігін жоғалтып құлап кетті ғой деймін. Олеся 35 метр биіктіктен құлады. Сондай жарқын, өзінің мақсаттарына үнемі қол жеткізетін адам еді. Туркияда тұруды армандап жүріп, ақыры сол жаққа көшіп барды», — дейді марқұмның құрбысы.  

Қазір Олесяның туыстары оның денесін елге қайтару үшін ақша жинап жатқан көрінеді. 

«Біз Қазақстанның Түркиядағы елшілігімен келісіп қойдық. Оның денесі жұма күні ұшақпен алып келуге рұқсат етілді. Бұған 900 мың теңгедей ақша кетеді. Қазір Олесяның жақындары мен достары ақша жинауда. Одан кейін мәйітті Алматыда Қостанайға алып келу керек. Мұны іске асыру үшін 400 мың теңге сұрапты», — деп қосты Ольга Кравчук. 

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты шараларды іске асырып жатқанын мәлім етті. 

 

[:]