[:kz]
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында әйелдер арасында төртінші алтын қоржынға түсті.
60 келіде бақ сынаған Римма Волосенко Индонезиядан келген Хусватун Хасанды мерзімінен бұрын ұтып, жеңімпаз атанды.
Отандасымыз мәселені бірінші раундта шешті. Алдымен қарсыласын нокдаунға жіберіп, сосын кездесуді мерзімінен бұрын аяқтады.
Осылайша қоржынға төртінші алтын түсті. Бұған дейін Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова (48 келі), Назым Қызайбай (52 келі), Дина Жоламан (54 келі) топ жарған. Ал 57 келідегі Владислава Кухта финалда өзбекстандық Ситора Тұрдыбековаға есе жіберіп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
[:]