[:kz]
Қазір боксшы Лос-Анджелесте ем қабылдап жатыр
Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов (4-2, 2 КО) пуэрторикалық Хосе Лопеске (12-1, 10 КО) қарсы жекпе-жектен кейін ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Sports.kz.
Бұл туралы отандасымыздың баспасөз хатшысы Уәлихан Қосанбай фейсбуктегі парақшасында мәлімдеді. 3 раундтан бастап қазақстандық боксшының аяқ-қолы тырыса бастаған. Ал 6 раунд аяқталғаннан кейін денесі құрысып қалған.
«Шүкір, қазір Асxаттың жағдайы жақсы», — деп жазды Қосанбай.
Дәрігерлердің айтуынша, боксшының қаны ұйып қалған. Қазір отандасымыз Лос-Анджелесте ем қабылдап жатыр.
Еске сала кетсек, сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек Филадельфияда (АҚШ, Пенсильвания штаты) өтті. Уәлиханов алтыншы раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Осылайша Лопес техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
[:]