[:kz]
Дәрігерлер не себепті қазақстандықтарға жалған ауыр диагноз қойып, неліктен қызмет көрсетілмегенін және науқастарға берілген дәрілердің қайда кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.
Міндетті медициналық сақтандыру қорының сарапшылары көрсетілген қызметтердің сапасы мен көлеміндегі шикіліктерді анықтады.
Бұл туралы бүгін денсаулық сақтау министрлігінің отырысында қордың басшысы Болат Төкежанов мәлімдеді.
Негізгі заң бұзушылық көрсетілетін медициналық көмек түрін қажетті көмектен 60 пайызға артық жазғанынан анықталды. Осыдан кейін құжаттар мен клиникалық хаттамалардан сәйкессіздік пайда болған.
Нәтижесінде, медициналық ұйымдарға ережелерді бұзғаны үшін 9 миллиард теңгеден астам айыппұл салынды.
[:]