АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақстандық екінші: Бірінші арна «Голос. Дети» жобасының қорытындысын қайта тексереді[:]

[:kz]

Голос. Дети» жобасының финалындағы Алсудың қызы Микелла Абрамов жеңісі көпшіліктің күмәнін тудыруда. Финалда қатысушылардың бірінің пайдасына «аномалды дауыс берілгені» байқалады, деп хабарлайды Stan.kz.

Мамандар қорытынды шығару кезінде дауыстардың шектелмегендігіне көз жеткізіп жатыр. Мұндай шешімнің себептері ресми түрде әлі жарияланбайды.

Финал мен суперфинал 25 сәуірде өтті. Екі кезең бойынша Абрамова ең көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Оның тәлімгері әнші Светлана Лобода болған еді. Желі пайдаланушылары байқаудың қорытындысын сатып алынған, ал өнері — масқара болды деп шулады. Абрамованың финалда орындаған әндері желіге жүктелген екі сағат ішінде 4,6 мың дизлайк жинап, ұнату белгісін басқан адамдар саны 862 ғана болған.

«Голос» — голландиялық The Voice жобасының ресейлік бейімделуі, 2012 жылдан бастап бірінші арнада шығады және ресейлік теледидардағы ең рейтингтік шоудың бірі болып табылады.

Stan.kz

[:]